Архив событий

23/06/2016

Алматы қаласының Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында жедел отырыс өткізілді

23/06/2016

Алматы қаласының Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот алқасының төрағасы Б.М. Мәлік-тегі төрағалық етумен, Алматы қалалық сотының судьясы Ж.С. Альтаеваның, Алматы қалалық сотының талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Қ.Қартабаевтың және сот судьяларының қатысуымен Алматы қаласының Алмалы ауданының № 2 аудандық сотының ұйымдастыру жұмысын тексеру бойынша жедел отырысы өткізілді.

Материалдық залалды өндіру туралы дау

23/06/2016

Талапкер А. сотқа жауапкер «Қазақстан Республикасы Президентінің істері басқармасының медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» РМК-ға талап арызбен жүгінді,   өзінің талаптарын  келесімен дәлелдеген, яғни оның әкесі А.Абдрахман жауапкердің емханасының №2 учаскесіне бекітілген және сол жерде ем алған.  

Тұрғындар арасында сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді

23/06/2016

Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қол жетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сот төрағасы Алматы қаласындағы жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарындағы заң факультетінде оқитын студенттердін қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді. 

Аса ірі мөлшерде материалдық залал

23/06/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында сотталушы К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен айыптау (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі мөлшерде жымқыру) туралы қылмыстық іс қаралды.

Сотпен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

23/06/2016

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талап қоюшы «Exon Oil» ЖШС-нің  жауапкер Н-ға берген  бухгалтерлік құжаттарды өткізу және қабылдау актісін жүргізуге мәжбүрлеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Медиация тәртібінде тараптардың татуласуына байланысты жауапкершіліктен босатылды

23/06/2016

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық  сотында  ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 188 бабының 1 бөлігімен  (бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауға оқталу) айыпталған Ф-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.