Архив событий

14/06/2016

Сот шешімімен пәтерден тыйым салу жүктемесі алынды

14/06/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкерлер Д., А. пәтерді тыйымнан босату және пәтердің меншігін растайтын құжаттарды қайтаруды міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Мемлекеттік органның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды

14/06/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында медиация тәртібінде К.-ның «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы «ЖерҒӨО» Департаментіне мемлекеттік органның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы азаматтық іс қаралды.

Кепіл туралы келісімшартты жарамсыз деп тану туралы талап арызы қанағаттандырылмады

14/06/2016

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотында, талапкер Е-нің, жауапкерлер Қазақстандағы «Пәкістан Ұлттық Банкі» АҚ ЕБ-не, «AWANFINNANCING» ЖШС-не, Алматы қаласының нотариусы Ж-ға, жауапкер жағында үшінші тұлға Алматы қаласының Әділет Департаментіне берген, кепіл туралы келісімшартты жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.