Архив событий

17/06/2016

Сот міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімақы өндіріп алу туралы талап арызын қанағаттандырды

17/06/2016

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  талапкер «ИҰ(ИО) «Қазақстандық Ипотекалық Кәсіпорын» АҚ-ның жауапкер «Алматы қаласы әкім аппаратының күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС-нен келісім шарт бойынша өсім сомасын өндіру туралы  талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Жетісу ауданының «Мәдениет үйінде» соттың шығуымен көрсеткіші ауқымды сот отырысы өтті

17/06/2016

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 434 бабы бойынша Жетісу аудандық «Мәдениет үйінде» Д. және Н. құқықбұзушыларға қатысты ашық сот отырысында әкімшілік істі қарады.                              

Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сот ғимаратында Абылайхан атындағы Халықаралық қатынас және әлем тілдері қазақ универстиеті студенттерінің қатысуымен ашық есік күні өтті

17/06/2016

Ашық есік күні студенттермен сот ғимаратымен таныстырудан басталып, әкімшілік іс бойыншасот отырысына қатысып, кеңсенің жұмысымен танысты.

Билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін сотталды

17/06/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотымен Д.С.-ті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабы 2-бөлігімен (билік өкіліне қатысты өмірі мен денсаулығы қауіпті күш қолдану) көзделген қылмыс жасағаны үшін  айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот заңсыз алынған әлеуметтік төлемдерді өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

17/06/2016

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында оңайлатылған іс жүргізумен талапкер «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘ СҚ)» АҚ-ның жауапкер Ж-дан заңсыз алынған әлеуметтік төлемдерді өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Жетісу ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

17/06/2016

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында сот төрағасы Е.Е. Ділдабаев пен судьялар Г.Р. Мусрепова, А.Д. Мырхалыков және А. Ихласбайқызы, Алматы қалалық Прокуратусының өкілі А. Толтаев, Жетісу ауданының прокурорының көмекшісі С. Төреқұл, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД «ЛА 155/6» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.С. Шакенов пен өкілдері О. Бакиева және А.К. Базильбаева,   Алматы қаласы бойынша ҚАЖД «ЛА 155/13» мемлекеттік мекемесінің өкілі С. Мамутов және Жетісу ауданының қадағалау бөлімінің өкілі Е.М. Хусаиновтың қатысуымен «Шартты түрде мерзімінен бұрын босату, тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру және Қазақстан Республикасының ҚК-нің 6 бабын қолдану туралы материалдарды қарау кезінде туындайтын сұрақтар бойынша» дөңгелек үстел өткізілді.

Алматы қаласының әкімдігінің мәжбүрлі түрде бұзу, өз бетінше иеленіп алған жер телімін талап ету туралы талап арызы қаралды

17/06/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында, талапкер Алматы қаласының әкімдігінің, жауапкерлер: «Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімдігі» КММ-не, азамат К-ға, хаттаманы жарамсыз деп тану,   мәжбүрлі түрде бұзу, өз бетінше иеленіп алған жер телімін  талап ету, жер телімінің шекарасын идентификациялық құжаттарға сәйкестендіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. 

Сотталушы кінәсіз деп танылды

17/06/2016

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында жала жапқаны үшін П-ні қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жекеше айыптау тәртібі бойынша қылмыстық іс қаралды.