Сот үкімімен кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында ҚР ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігі 3 тармағымен айыпталған А. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтағаны: сотталушы А. 2014 жылдың қазан айында алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдене, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, бұрыннан таныс болған жәбірленуші Ф. бірлескен қызметіне 15 500 АҚШ долларын сотталушыға сенім артып, жер шаруашылығын ашуға салған. Содан, кейінірек тағыда 2 000 доллар АҚШ долларын салған. Алайда, соңғы жағдайда сотталушы өзіне тиесілі жұмыстарын атқармаған. Алған ақшаларын өзінің қажетіне жаратқан. Сотталушы А. жәбірленуші Ф.-ға жалпы сомасы 3 181 190 теңге көлемінде  залал келтірген.

Сот үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі 1 тармағымен айыпты деп танып, осы баппен үш жылға бас бостандығынан айырып, жеке мүлкін тәркілеп, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Сотталушының іс-әрекетінде рецидивтік қылмыс жасалған деп танылды.

Үкім заң күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі