Сот мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емдеуге жіберу туралы арызын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығы» МКК А.-ны мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емдеуге жіберу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығы» МКК А.-ны мәжбүрлі түрде емдеу үшін  наркологиялық ұйымға жолдауды өтінген өтініш түскен. А. есірткі тұтыну салдарынан болған психикалық және мінез-құлық ауытқулары диагнозымен 1999 жылдың мамыр айынан ҚНМӘСО диспансерлік есебінде тіркелген.

Сот накологиялық сараптамасының қортыныдысы бойынша А. есірткі тұтыну салдарынан болған психикалық және мінез-құлық ауытқуларымен ауыратындығы анықталды. Тәуелділік синдромымен зардап шегетіндігі туралы қортындысына сәйкес, мәжбүрлі түрде 6 ай мерзімде  емдеу қажет.    

Сот шешімімен мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емдеу туралы арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі