Сот қаулысымен талап-тілегі қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында Алматы қаласы Алатау аудандық ІІБ-ның учаскелік инспекторының шартты-мерзімінен бұрын босталуына қатысты іздеу жариялап, «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы ұсынысы қаралды.

Алатау аудандық ІІБ-ның учаскелік инспекторы  сот отырысында қолдаған ұсынысында, П. тіркеуге белгісіз себептермен келмей жүргенін, тұрақты жерін үәкілетті органның рұқсатынсыз ауыстырғандығын көрсетіп, осыған орай  сотталғанға қатысты іздеу жариялап, «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды   сұрады.

Сотпен анықталғаны, П. тіркеуге келгенде, оған жаза өтеу тәртібі мен ережесі: әр аптаның жұма күні тіркеуге келіп тұруы, Алатау аудандық ІІБ-ның хабарламасынсыз тұрғылықты жерін ауыстырмауы, қоғамдық тәртіпті бұзбауы, жасаған қылмысын қайта жасауына жол берілмейтіні  түсіндірілген. Алайда оның тіркеуге келмей жүргені,  мемлекеттік органына хабарламай, оның бақылауынан қашып, кеткені, яғни  жаза өтеуден жалтарғаны анықталды.

Сот қаулысымен ұсыныс қанағаттандырылып, сотталған П.-ға  қатысты іздеу жариялап, «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды қаулы етті.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі