Сот ғимаратында қауіпсіздікті нығайту үшін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша шұғыл жиналыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық сотының төарағасы А.Ж.Ештайдың тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласының аумағында болған ланкестік әрекеттерге байланысты, Алматы қаласы Медеу аудандық сотында ланкестік әрекеттерден сот ғимаратында қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және күшейту мәселесі бойынша судьялар мен мамандар қатысуымен шұғыл отырыс өткізілді.

Жедел кеңес барысында сот төрағасы Е.Н.Тотыбай-Тегі сот ғимаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс уақытында барлық сот өндірісінде қаралып жатқан іс бойынша тараптармен, бөгде адамдармен қатынас барысында абай және сақ болуға шақырды. Сот қызметкерлеріне барлық сезікті заттар мен азаматтардың әрекеттеріне ерекше көңіл аударуға шақырды. Мұндай жағдай анықталған жағдайда кіру бекетіндегі полиция қызметкеріне хабарлап айтуға, олар өз кезегінде қажетті шаралар қолданатынын ескертіп айтты.

Сонымен қатар, судьялар мен сот мамандарға сотпен қаралып жатқан істер бойынша тараптармен және бөгде адамдармен іс жүргізуге қатысы жоқ қатынастарды болдырмау туралы ескертті. Тараптардың сот мәжілісіне дейін сот ғимаратының дәлізінде бос жүруді шектеу мақсатында судьялар мен хатшыларға сот мәжілістерін уақытылы бастауға шақырды. 

Сот мәжілісіне келген тараптар және олардың өкілдері келгені туралы сот приставы телефон арқылы сот отырысынын хатшысына хабарлап, тараптар және олардың өкілдері сот мәжілісінің хатшы шақырғанша дәлізде күтіп отырады. Шақырғаннан кейін тараптарды сот отырысы залына сот отырысынын хатшысы шығарып салатынын ескертті.

Сот төрағасы қорытындылай келе, сотта тәртіп пен қауіпсіздік сақтау шаралары барысында сот приставтарының жауапкершілігін ерекше атап өтті. Сот приставтарына сотқа келетін азаматтармен сақ болуды міндеттеді. Сот ғимаратында қоғамдық тәртіп сақтаумен қамтамасыз етуді тапсырды. 

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі