Алматыда ҚазҰУ-нің бұрынғы есепшілеріне үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алмалы аудандық сотында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бұрынғы есепшілері Б.Нурлан, С.Жекенова және Д.Турсынбековаға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Сотпен анықталғаны, сотталушылар Б.Нурлан, С.Жекенова және Д.Турсынбекова, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің есмепшілері бола тұра, өздерінің қызметтік жағдайын пайдаланып, алдын-ала сөз байласып, алдау жолымен және сенімді теріс пайдаланып бірқатар қылмыстар жасаған.

Сот үкімімен Б.Нурлан мен Д.Турсынбекова ҚР ҚК-нің (1997 жылғы басылым) 177 бабының 3 бөлігінің б тармағымен, 176 бабының 3 бөлігінің б тармағымен кінәлі деп танылып, оларға  ҚР ҚК-нің 58 бабының 3 бөлігі негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті жаза қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы оларға  түпкілікті жаза үш жыл мерзімге толық материалдық жауапкершілігі бар қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

Сотталушы Б.Нурлан мен Д.Турсынбековаға олардың шынайы өкініш білдіргендерін, залалды өтеу, тәуелді жасөспірім балаларының болуын ескеріп, сондай-ақ, олардан қоғамға ешқандай қауіптің жоқ екенін назарға алып, тағайындалған жазаның әділ болуы тиіс екендігін және сотталғандарды жоғарғы деңгейде түзеу мақсатына байланысты, түрін және мерзімін анықтауда жеке көзқарас қағидатын қолдана отырып, ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес оларға жазаның шартты түрін тағайындады.

С.Жекенова ҚР ҚК-нің (1997 жылғы басылым) 177 бабының 3 бөлігінің б тармағымен, 176 бабының 3 бөлігінің б тармағымен кінәлі деп танылып, оған  ҚР ҚК-нің 58 бабының 3 бөлігі негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы  түпкілікті жаза үш жыл мерзімге толық материалдық жауапкершілігі бар қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жыл алты айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

С.Жекеноваға қатысты сот ҚР ҚК-нің 74 бабына сәйкес, сотталушының бір жарым жасар тәуелді жасөспірім баласының бар болуын ескере отырып, жазасын бес жылға кейінге қалдыруға шешім қабылдады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі