Алматы қаласында пара алған полиция қызметкері сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында заңсыз әрекеттер үшiн айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін ІІД-нің ЖПП полкінің полицейі Б.У. Дауытбаев пен парақорлыққа делдал болған А.Т. Әбеновке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, ағымдағы жылдың ақпанында ІІД-нің ЖПП полкінің полицейі Б.У. Дауытбаев қызметіндегі кезекшілігіне кірісіп, патруль жасау кезінде сағат 13.00 шамасында Сейфуллин мен Мақатаев  көшелерінің қиылысында жол жүру жолына қоқыс тастағаны үшін К.К. Наурызбаевтың басқаруындағы қоғамдық  автобусты тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында К.К. Наурызбаевтың есірткі заттарын пайдаланғанына сезіктенді. Полиция қызметкері жүргізушіге медициналық куәландырудан өткен соң, есірткі қолданудан мас болу жағдайында автокөлік құралдарын басқару  фактісі бойынша  әкімшілік материал толтырылатынын және жүргізуші көлігінен айырылатындығын түсіндірді. Өз кезегінде К.К. Наурызбаев оның кішкентай балаларының болуы мен бағдарлы автобустың жүргізуші жұмысы оның жалғыз табыс көзі болуына байланысты оған қатысты әкімшілік материалды  толтырмауын сұрады. Сол кезде Б.У. Дауытбаев  одан ақшалай сыйақы ретінде 1000 АҚШ доллар көлемінде пара беруін талап етті. Б.У. Дауытбаев кепіл ретінде К.К. Наурызбаевтан оның жүргізуші куәлігі мен  есірткі заттарды қолдану бойынша  түсініктемесін алды.

Сағат 19.00 шамасында Б.У. Даутбаев  өзінің досы А.Т. Әбеновпен кездесіп, оған К.К.Наурызбаевтан әкімшілік материал толтырмағаны үшін пара ретінде ақша сомасын алуда делдал болуын сұрады. А.Т. Әбенов өз келісімін берді. Келесі күні К.К. Наурызбаев Б.У.Дауытбаевтың әрекеттерін заңсыз екенін түсініп Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне арызбен жүгінді. Сол күні сағат  21.00 шамасында К.К. Наурызбаев Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерімен бірге Sinoil жанармай бекетіне келді, пара алу кезіндегі делдал А.Т. Әбенов К.К. Наурызбаевтан 365 000 теңге көлеміндегі пара ретіндегі ақша сомасын алды. Б.У. Дауытбаев талап етілген барлық пара сомасын алу мақсатында А.Т. Әбеновке телефон соғып, оны Қарасай батыр мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында күтіп отырғанын хабарлады. Алайда А.Т. Әбеновті сағат 21.25-те  Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасында автокөлік қағып кетіп, ол жол көлік оқиғасына тап болды. Осы орайда Б.У. Дауытбаев өзіне тәуелді емес жағдайларға байланысты, делдал А.Т. Әбенов арқылы 365 000 теңге мөлшерінде пара алуға бағытталған өзінің қылмыстық ниетін аяғына дейін жеткізе алмады.

Сот отырысы барысында Б.У. Дауытбаев пен А.Т. Әбенов өз кінәларын толық мойындады.

Сот үкімімен Б.У. Дауытбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 бабының 3 тармағы және 366 бабының 2 бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  осы бап бойынша  мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген, яғни 21 900 000 теңге сомасы мөлшеріндегі айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот үкімімен А.Т.Әбенов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 368 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша  мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенген, яғни 3 650 000 теңге сомасы мөлшерінде айыппұл  жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі