Алматы қаласы соттарының 2016 жылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыс қорытындылары шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық сотында Алматы қаласы соттарының 2016 жылғы бірінші тоқсандағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған кеңейтілген отырысы болып өтті.

Іс-шараға Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай, азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Мәлік-тегі, қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы м.а. Н.Сейітов, қалалық сотының судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары,  Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі мен оның құрылымдық бөлімшелері қатысты.

Қалалық сотының төрағасы А.Ештай отырысты аша отырып, қала соттарының жұмыстарының негізгі басымдықтарын атап өтті. Өзінің сөз сөйлеуінде ол сот төрелігінің сапасын арттыру үшін жиналғандардың назарын сот отырыстарында дыбыс-бейнежазба жүйесін пайдалана отырып сот істерін қарауға, бітімгершілік рәсімдерді соттарда белсенді қолдануға, БАҚ және қоғаммен өзара қатынас жүргізу мәселелеріне аударды. Сонымен қатар ол өткен тоқсан бойынша соттардың жұмыс тиімділігін бағалау бойынша нәтижелерін жариялады.

Отырыс барысында қалалық соттың апелляциялық  алқа төрағаларының есеп берулері тыңдалды. Статистикалық мәліметтерге сай 2016 жылғы бірінші тоқсанда қала соттарына 40 123 істер мен арыздар келіп түскен. Оның ішінде азаматтық іс бойынша – 29 731, әкімщілік – 9 022, қылмыстық – 1370. Қаралған істер бойынша шешім шығарылған 10737 азаматтық іс, 8 107 әкімшілік іс, қаулы шығарылған 652 адамға қатысты 570 іс. Соттардың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 90 азаматтық іс және 57 қылмыстық іс медиация тәртібімен бекітілген.

Баяндамашылар өз кезегінде істерді қарау сапасы мен мерзімдеріне тоқталып кетті.

Отырысты қорытындылай келе қалалық сотының төрағасы  
соттар қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмысты күшейтуді соттарға тапсырды.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі