Алматы қалалық сотында туберкулез ауруына шалдыққан науқастарды мәжбүрлеп емдеуге қатысты сот тәжірибесін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық сотында айналасындағыларға жұқтыру қауіпін келтіруі мүмкін туберкулез ауруына шалдыққан науқастардың алдын алу және емдеуге, профилактикаға арналған шараларды   жетілдіруге және біріктіруге бағытталған сұрақтарды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.  

Іс-шараға қалалық соттың азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б. Мәлік-тегі, қалалық сот пен аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, денсаулық сақтау басқармасы, прокуратура, әділет департаменті, ІІД-нің көші-қон полициясы, маслихат және  Алматы қаласының үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.  

«Дөңгелек үстелдің» аясында туберкулез ауруына шалдыққан науқастарды мәжбүрлеп емдеу, мәжбүрлі түрде емдеуді ұйымдастыру, емделуден жалтарған науқастарды іздестіру шаралары мен оны шешу жолдары туралы сұрақтар талқыланды. Бұдан басқа емдеу мекемелерінде көшпелі сот отырыстарын өткізуге бағытталған мәселелер талқыланды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша соттардың мемлекеттік органдармен тәжірибелік ынтымақтастық орнату мәселелерін жақсартуға бағытталған  ұсыныстар талқыланды.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі