Жәбірленушіге жеңіл түрде зиян келтіргені үшін айыппұлға және жүргізу куіәлігінен айыруға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 2 бөлігі бойынша М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

М. 28.04.2016 жылы 07:50 шамасында Алматы қаласы Абай  көшесімен шығыс бағытта Мицубиси Паджеро автокөлігімен оң жақ шеттен сол жақ шетке ауысу кезінде бір  бағытта келе жатқан жүргізуші Ш-ның басқаруындағы Тоyота RAV4 автокөлігімен соқтығыс жасаған, сонымен қатар, жол көлік оқиғасының көлік құралдарына  механикалық залал келтірілген және Ш-ның денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.     

Сот қаулысымен М.  әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 айлық есептік көрсеткіш 31815  теңге көлемінде айыппұлға және бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыруға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының баспасөз қызметі