Жанжал шығарғаны үшін үш күнге қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   Бүгін Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  Т.Ш.-ға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73 бабының 1 бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік іс қаралды.
 2016 жылы 11 сәуір күні сағат 22:00-де Т.Ш. өз үйінде мас күйде болып жанжал шығарып, өзінің әйелі Н.Ш. сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөздермен қорлаған, үй тұрмысындағы заттарды бүлдірген, сонымен қатар отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасаған.
   Сот отырысы барысында Т.Ш. құқықбұзушылық жасаған кінәсін мойындап, қатты өкінетінін білдірді.
  Сот қаулысымен құқықбұзушы Т.Ш үш тәулікке қамау түріндегі  әкімшілік жазаға тартылды.
  Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі