Тараптар дауды шешу туралы бітімгершілік келісімін жасасты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медиация тәртібімен азаматтық істі қысқартты.

Талапкер азамат К. жауапкер азаматша К-нің 15.02.2008 ж.т. Я. және 12.07.2010 ж.т. А. есімді кәмелетке толмаған балаларына қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арыз берген.   

Сот талқылауында тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы талап тілектерін білдірді. «Медиация туралы» Заңнын 27 бабына сай тараптармен дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімді судья медиатор бекітті.

Судья-медиатор  азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Қайнар: 
Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі