Сотқа дейінгі реттеу тәртібі сақталмаса сотқа барар жол жабық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, талапкер «Интеллектуалдық меншік құқықтары басқармасының Қазақстандық қоғамы» РҚБ-нің «CITY CAFE» ЖШС-не ақшалай өтемақыны өндіру туралы талап арызы бойынша азматтық іс қаралды.

Талапкер «Интеллектуалдық меншік құқықтары басқармасының Қазақстандық қоғамы» РҚБ-і жауапкер «CITY CAFE» ЖШС-не «Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы» Заңының бұзылуынан 1 189 200 теңге көлемінде ақшалай өтемақыны өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сонымен қатар, талапкердің сотқа дейінгі дауды алдын ала шешуі «Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы» Заңымен белгіленген міндетті тәртібі сақталмай және осы тәртіптің қолдану мүмкіндігі жойылмаған.

«Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы» Заңының 49 бабы 1-1 тармағына сәйкес кімнің құқығы мен заңды мүддесі бұзылса, осы құқықты қолданушыға немесе басқа тұлғаға, егер басқасы келісім шарт бойынша көзделмесе сабақтас құқық және авторлық құқықтың субъектісінің жүгінуінен кейін талап арыз сотқа ұсынылады.

Сот ұйғарымымен талап арыз қараусыз қалдырылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.         

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі