Сот ЖШС-ті банкрот деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  талапкер «Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкер «KOMPOZIT-PROFILE» ЖШС-ін банкрот деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан қаралғандай, борышкердің бюджет алдында салық және міндетті төлем қарызы 8 646 031 теңге, оның ішінде 6 983 842 теңге негізгі қарыз,  1 662 189 теңге өсім, қарыз сомасы 20.02.2012 жылы 2010 жылы тапсырылған қосымша декларация нәтижесінде пайда болған.

Нәтижесінде, аталған қарыз сомасы жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аса және төрт ай мерзімінен жоғары орындалмаған.

Сот азаматтық істі қарап, талапкердің талаптары несие беруші алдында  берешекті төлеу бойынша міндеттемелерін орындауға мүмкіндігінің болмауына байланысты қанағаттандырылуға жатады деп қаулы етті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі