Сот ұшу құрылысының құлау туралы ісін қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Строительная компания «Базис»» ЖШС-нің «СТАЛФОРМ Инжиниринг» ААҚ-на өсімақыны, айыппұлды және қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарында көрсетілгендей, талапкер тапсыру келісім шарты бойынша, жауапкер ұшу құрылысын бетондау үшін опалубканы жеткізген. Ал Келісім шарттың талабы бойынша жауапкер құралдардың құрастырылу жобасын жасау, жинау, жөндеу жэне құрастыру техникалық талабын ұсынуды, құралдарды қолдана отырып опалубкалық жұмыстарды жөндеу және авторлық қадағалаудың дұрыс жүру жұмысын міндетіне алған. Сонымен қатар талапкер жауапкерге толық көлемде төлемақы жүргізген. Алайда талапкердің жеткізген құралдарының сапасы төмен және көрсетілген қызметі нашар болған.

Сот азаматтық істі қарап, арызданушының талап арызын ішінара қанағаттандыруды шешті. Сонымен сот талапкерлердің, сарапшылардың, қызметкерлердің берген түсініктерін тыңдап және істің материалдарын тексеріп, «СТАЛФОРМ Инжиниринг» ААҚ-нан талапкер пайдасына: негізгі қарыз сомасын, айыппұл сомасын, өсімақыны, өкіл қызметіне төленген шығынды және мемлекеттік баж төлемінің шығынын өндірді, ал қалған бөліктегі қарыз сомасын өндіруден бас тартты.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы каласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі