Сот мұрагерлік қабылдау мерзімін қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб  аудандық сотында талапкер Г.О. жауапкер Г.Е. мұрагерлікті   қалпына келтіру және мұраны қабылдаған мұрагерді тану туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер Г.О. ағасы қайтыс  болғаннан кейін ашылған мұраны дер кезінде  себепті жағдайларға байланысты рәсімдей алмағанына байланысты  қабылдау мерзімін қалпына келтіруін сұрап сотқа жүгінді. 

Сот тараптарды тыңдап, жан-жақты іс материалдарын зерттеп, мән-жағдайларды толық   анықтап, талапкердің мұра қабылдау мерзімін қалпына келтіруге қаулы етті.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының баспасөз қызметі