Сот мәмілені жарамды деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер В.М.К. жауапкер З.М.К.-ға, үшінші тарап «Вымпел» Бағбаншылар қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігіне мәмілені жарамды деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 2001 жылы талапкер ауызша келісім негізінде жер учаскесін пайдалануға сатып алған. Осы уақыттан бастап ол бағбаншылық қауымдастығының мүшесі болды. Кәзіргі уақытта В.М.К.-ның учаскені иелену құқығын және билік етуін заңдастыру қажет. Өйткені талапкер мен жауапкер З.М.К. арасында жер учаскесін сатып алу-сату мәмілесі шын мәнінде орын алды. Осыған байланысты соттан сатып алу-сату мәмілесін жарамды деп тануын сұрады.  

Сот, талапкердің талап арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі