Сот баланы асырап алу туралы азаматтық істі қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баланы асырап алу туралы азаматтық іс қаралды.

Азамат «Т» кәмелетке толмаған 16.08.2007 жылы туылған, «К» есімді баланы асырап алу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді, өзінің мәлімдеген арызын асырап алайын деп жатқан баланың анасы «Т»-мен заңды некеге тіркелгенін, әйелінің бұрын азамат «С»-мен некеде тұрғанын, және де сол некеде көрсетілген баланы туғанын айтып негіздеді. Кәмелетке толмаған баланың биологиялық ата-анасы оның асырап алуына келісім берді. Баланың екі жасынан бастап оны асырап және тәрбие берумен айналысуда, оны «әке» деп атайтын балаға туған баласындай қарайды. Оның материалдық және денсаулық жағдайы баланы асырап алуға мүмкіндік береді. Азаматша «Т»-мен ортақ некелерінен 15.03.2011 жылы туылған, «Ж» және «Н» есімді егіз-қыздары бар. Мәлімдеген талаптарды толық көлемде қанағаттандыруды сұрады.

Соттың шешімімен талапкердің талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Қайнар: 
Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі