Моралдьдық залалды өндіру туралы талап арыз ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер Б жауапкер  «Жастар Group » ЖШС-не өз бетімен өшіру әрекетін заңсыз деп тану, моральдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматық іс қаралды.

Талапкер Б. өз еркімен  коммуналдық қызметтерден (ыстық су, суық су және т.б.) өшіру жөніндегі іс-әрекетті заңсыз деп тану, 1 000 000 теңге мөлшерінде моралдық залалды өндіру туралы  «Жастар Group » ЖШС-не қатысты талап арызымен сотқа жүгінді

Сотпен анықталғаны, талапкерге тиесілі пәтерді ыстық су және суық су желілерінен өшіру бойынша «Жастар Group » ЖШС-нің әрекеті заңсыз деп танылды . Алайда, талапкер талап еткен 1 000 000 теңге мөлшеріндегі моралдық залал құнын сот жоғары деп санады.

Жауапкердің іс әрекетінің сипатын, сондай ақ әділеттілік  принципін есепке ала отырып, сот моралдық залалды өндіру туралы талапты ішінара қанағатандырылсын деп шешті, яғни 20 000 теңге мөлшерінде.

Сот шешімі заңды кушіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі