Медиация тәртібінде мүлікті бөлді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер К.-ның жауапкер К.-ға қатысты некені бұзу және бірлескен мүлікті бөлу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

К.-ның К.-ға неке бұзу және  «Независимая оценка «Expert» ЖШС-мен 53 775 000 теңгеге тең сомасына бағаланған бірлескен мүлікті бөлу туралы талап арызымен сотқа жүгінді. Талапкер арызында оған 12 721 000 теңге тұратын жер учаскесін, екі автокөліктерді, пәтердің оннан үш бөлігін, зайыпқа -  пәтердің оннан жеті бөлігін бөліп беруді талап етті.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келді.

Келісім бойынша талапкер жер теліміне, «Монтеро спорт» көлігіне меншік құқығын иеленеді, жауапкер пәтерге Мерседес Бенц көлігіне меншік құқығын иеленеді. Ерлі-зайыптылар қалған бірлескен мүлікті сату туралы келісімге келді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі