Көші-қон заңдылықтарын бұзған үшін сотталған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотпен анықталғаны бойынша, Алматы қаласы мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен В.Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБіК-нің 517 бабы 4 бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда В.Ж. оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу туралы шешімді орындамаған.

Басты сот талқылауында В.Ж-ға тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен В.Ж. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 393 бабымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 53,025 теңге айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі