Келісімшартты жалған деп тану туралы дау медиация тәртібінде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында сыйға тарту шартын жалған деп тану және үй құрылысқа үлескерлікпен қатысу шарты бойынша жылжымайтын мүлікті табыстау туралы шарттарды нақты деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

Талапкер Т. 2014 жылы жауапкермен үй құрылысқа үлескерлікпен қатысу шарты жасалғанын талап арызында айқындады. Шарт бойынша талапкер 1 963 149 836 теңгеге тең сомасын төлеп, жауапкерден 112 данада пәтерлер сатып алады. Үйді пайдалануға енгізуден кейін сыйға тарту шарты бойынша пәтерлерді тапсырғандықтан талапкер үй құрылысқа үлескерлікпен қатысу шарты бойынша сатып алған пәтерлерге меншік құқығын негізінен айырылады.

Азаматтық істің қаралуы барысында тараптардан дауды медиация тәртібінде реттеу және іс жүргізуді тоқтату туралы өтініш түсті.

Медиация келісімі бойынша талапкер 112 пәтерді сыйға тарту шарты жалған деп танылды,  үй құрылысқа үлескерлікпен қатысу шартын пәтерлерге меншік құқығы негізі ретінде мойындады, талапкер өз талап арызынан бас тартты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі