Дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «К»-ның «А»-ға қатысты қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

Талапкер жауапкерден 4 857 500 теңге қарыз сомасын,  10 979 теңге өсімақы сомасын, 48 685 теңге мемлекеттік баж сомасын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді. Талапкер мен жауапкер арасында 2016 жылы мамыр айында нотариус қатысуымен 4 857 500 теңгеге тең сомасына қарыз шарты жасалған. Қарыз шарты бойынша жауапкер 2016 жылы маусым айына дейін қарыз сомасын қайтаруға міндеттенген.

Азаматтық істің қаралуы барысында тараптардан дауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтініш түсті.

Медиация келісімі бойынша талапкер өз талаптарынан бас тартады, жауапкер  4 857 500 теңгеге тең сомасын 2016 жылы тамыз айына дейін қайтаруға міндеттенді, талапкер өз жағынан ақша алғандығы үшін қолхатты жазып, жауапкерге табыс етуге  міндеттенді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі