Алматы қаласының Алатау аудандық сотында Ашық есік күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қол жетімділігі және ашықтығын арттыру мақсатында сот төрағасымен Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарындағы заң факультетінде оқитын студенттердің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. 

Аудандық сотта сот төрағасымен Қазақ Ұлттық Университетінің және Орталық Азия Университетінің студенттерінің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді. Сонымен қатар сот ғимаратында сот мәжілісінің залдарында таныстыру саяхаты жүргізілді, сонымен қатар талапкер Г.-ның жауапкер Э.Г.-ға қатысты неке бұзу туралы азаматтық ісі бойынша сот отырысына қатысты. Олар оқу орталығының, «Әділет» ҚР ның нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесінің және «Төрелік» ақпараттық жүйесімен таныстырылды.

Кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Қ.Едіге ақпараттық киоск, электрондық база мен құқықтық ақпараттық жүйесі және сот процестерін аудио- бейнемен қамтамасыз ететін жабдықтар туралы түсіндіріп шықты. Таныстыру кезінде студенттер азаматтық істерді қарау мерзімдері мен тәртібі туралы және құжаттардың электрондық айналымы сияқты өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды және оларға түпкілікті жауап қайтарылды.

Ашық есік күні аяқталған кезде студенттер көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алған іс шарасына, сонымен бірге,  сот жүйесіндегі новеллаларымен таныс болғаны үшін  өз алғыстарын айтты.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі