АҚШ азаматы билік өкіліне бағынбағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 379 бабының 1 бөлігі (билік өкіліне бағынбау) бойынша айыпталған АҚШ-тың азаматы  Чан Рики қатысты  қылмыстық іс қаралды.

2016 жылы 22 сәуірде Алматы қаласы Халықаралық аэропортында Чан Рики әуекомпаниясының қызметкерлерін балағаттап, өрескел қимыл істеген. Шақырылған полиция қызметкерлерінің тәртіпке шақырған заңды талабына  Чан Рики бағынбаған. Өз кезегінде, АҚШ азаматы  көлік-желілік полициясының кезекшілік бөліміне өтуге қарсылық білдіріп, балағат сөздермен боқтаған.  Чан Рики тарапынан бірнеше рет тәртіпке шақырған заңды талабына ашу шақыратын елемеушілікке полиция қызметкері Н.  көмек шақырып, сотталушыны күшпен КЖП-ның кезекшілік бөліміне жеткізеді.

Сот үкімімен Чан Рики ҚР ҚК 379 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмыстық терісқылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде, сомасы 53 025 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот Чан Рикиды сот үкімі заңды күшіне енгеннен бастап бір айдың көлемінде айыппұлды төлеуге міндеттеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының баспасөз қызметі