Архив событий

09/12/2016

Қарызды өндіру туралы талап арыз

09/12/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер Алматы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тоспа Су» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнынан түскен қарызды өндіру туралы талап арыз қаралды.

Ұйғарым заңды күшіне енді

09/12/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер И-тың мүддесін қорғаушы «Адал» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігінің жауапкер «Планета Электроники» ЖШС-не материалдық залал сомасын, моральдық залалды, айыппұлды және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Үкім заңды күшіне енді

09/12/2016

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1 бөлігі бойынша  (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) К-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Жеке тұлғаның талаптары қанағаттандырылды

09/12/2016

Азамат Д. «Алматы қаласы қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, үшінші жақ Алматы қаласының нотариусы З-ға және азамат К.-ға ұсыну құқығы бойынша мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Нахождение несовершеннолетних без сопровождения законных представителей вне жилища

09/12/2016

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша А.- ға қатысты ҚР ӘҚБтҚ–нің 442 бабы 2 бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қарауынсыз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы)  әкімшілік іс қаралды.

«Адам саудасы: Алматы қаласында қудалау стратегиясы, алдын алу, серіктестік пен көмек» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

09/12/2016

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар  істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ж.Кәрібаев «Адам саудасы: Алматы қаласында қудалау стратегиясы, алдын алу, серіктестік пен көмек» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.