Кінәлі Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 393-бабы бойынша  (Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау) С-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша,  2016 жылғы 28-қарашада сағат 12:00 шамасында Аль-Фараби пен Навои көшелерінің қиылысында Алматы қаласы  Бостандық ауданының ІІБ Көші-қон басқармасының арнайы көші-қон тобы Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында шетелдік азамат Тәджікстан Республикасының азаматы  С., байқалып оның Қазақстан Республикасының аумағында заңды жүргендігін тексеру мақсатында тоқтатылып, құжаттары тексерілген. Тексеру нәтижесінде: Тәжікстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылық мекен-жайы жоқ екендігі анықталып, сонымен қатар тексеріс барысында оған қатысты 27.10.2016 жылғы Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының ҚР ӘҚБК-нің 517-бабы 6-бөлігімен көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағандығы үшін кінәлі болғандығы расталды. Шығарылған қаулыға сәйкес С., Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығу қажет болған. Алайда Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы шешімді орындамаған, оған саналы түрде жол берген.

Соттың үкімімен С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 393-бабымен кінәлі деп танылып, оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, оған 25 айлық көрсеткіш мөлшерінде, яғни 53 025 теңге сомасында айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі