Архив событий

05/12/2016

«Мұрагерлік құқық » тақырыбында дәріс өткізілді

05/12/2016

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ және Алматы қаласы Бостандық аудандық соты арасында жасалған әріптестік туралы келісім аясында университет ғимаратында «Азаматтық құқық» пәні бойынша оқу бағдарламасын орындау мақсатында  судья Г.Талаповамен «Мұрагерлік құқық» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де ашық сот отырысы өтті

05/12/2016

ҚазЭУ және Алматы қаласы Бостандық аудандық соты арасында жасалған әріптестік туралы келісім аясында университет ғимаратында судья Г.Талапованың төрағалық етуімен 2-курс студенттері үшін ашық сот отырыстары өткізілді.

«Азаматтық процессуалдық құқықтың өзекті мәселелері»

05/12/2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы А.Баяновтың және сот судьяларының қатысуымен  «Азаматтық процессуалдық құқықтың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел-конференция өтті.

Әлеуметтік төлемнің заңсыз алынған сомасы өндірілді

05/12/2016

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ жауапкер Б.-дан жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің заңсыз алынған сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ашық есік күні

05/12/2016

Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің 2 курс студенттерімен кезекті «Ашық есік күні» өткізілді.

Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің студенттерімен семинар-лекция

05/12/2016

Алматы қаласы Аламалы ауданының № 2 аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Қ.Тулесбаевтың қатысуымен Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің 2 курс студенттерімен сот отырыстарында аудио-бейне жүйесін қолдану туралы семинар-лекция өткізілді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша міндетті медиацияны енгізу» тақырыбында онлайн-семинар өткізіледі

05/12/2016

Іс-шара 8 желтоқсан күні сағат 15.00-де татуластыру тәртібі бойынша үйлестіруші-судьялардың, оқу бағдарламасы бойынша үйлестірушілердің, азаматтық істерді қарайтын судьяларлың, доғарыстағы судьялардың, қалада және оның маңындағы аудандарда орналасқан, жергілікті әкімдік пен Достық үйінің ғимаратында ашылған медиация кабинеттерінде медиацияны жүзеге асыратын, тегін медиациямен айналысатын және кәсіби емес медиаторладың қатысуымен өткізіледі.