Үкім заңды күшіне енді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1 бөлігі бойынша  (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) К-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталды бойынша, 2016 жылы тамыз айының басында жүргізуші К., маркасы «DAEWOO NEXIA» автокөлігін   Тимирязев көшесі бойымен шығыс бағытта басқарып келе жатқан. Сағат 23.50 шамасында Манас көшесінің қиылысында қозғалыстың қауіпті жағдайына қарамастан Қазақстан Республикасы Жолда жүру қағидаларының 10,1 бөлімдерінің талаптарын бұзған, яғни назарын арттырмаған, көлік басқаруға ынғайлы жылдамдықпен жүрмей Тимирязев көшесімен солтүстік бағытта өтіп баражатқан жаяу жүргінші А-ны қағып кеткен. Жоғарыда аталған жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Жәбірленуші А-ның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілген.

Сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 1 бөлігімен сотталушы К. кінәлі деп танылып, 240 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға, 2 жыл мерзімге көлік басқару куәлігінен айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз-ақпарат қызметі