Архив событий

26/12/2016

Банктік несие келісім шартын жзарамсыз деп тану туралы талап арыз қанағаттандырылды

26/12/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «К» талапкердің  жауапкер «Каспи Банк» АҚ-на банктік несие келісім шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Лауазымды тұлғаның шешімін және іс-әрекетін даулау туралы талап арыз қанағаттандырылды

26/12/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «Kazakhmys Project»  Компаниясының жауапкер «Мемлекеттік еңбек және инспекция Басқармасы» КММ-нің Алматы қаласы бойынша еңбек инспекторына лауазымды тұлғаның шешімін және іс-әрекетін даулау туралы азаматтық іс қаралды.

Жеке сот орындаушының іс-әрекетін даулау туралы шағымы қанағаттандырудан бас тартылды

26/12/2016

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер Қазақстан Республикасының Ұлттық Гваридиясының 5573 әскери бөлімі» РММ-нің жеке сот орындаушының іс-әрекетін даулау туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені мен адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды

26/12/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, 106-бабы 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) кінәлі деп танылған М.-ге қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді

26/12/2016

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында талапкер З.Мукаева жауапкер «Казкоммерцбанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ-на мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшының талаптары қанағаттандырылды

26/12/2016

Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотымен шетел азаматы Д.-ны Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарып жіберу туралы талапкер Алматы қаласы ІІД-нің  талап арызы боынша азаматтық іс қаралды. 

Сот есірткіге масаң күйінде көлікті жүргізгені үшін айыппұл тағайындап, көлік жүргізу құқығынан айырды

26/12/2016

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында мас күйiнде көлiк құралын жүргізу құқығынан айырылған тұлғаның жүргiзгендеген айыппен сотқа берілген Б. қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жолмен ҚР аумағынан шығарып жіберуге тартылды

26/12/2016

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 496- бабы 2- бөлігі (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) Түркия азаматшасы  D-ға  қатысты әкімшілік істі қарады.

Шешімнің бар болу фактісі анықталды

26/12/2016

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында Ю-дың заңдық фактіні анықтау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Арызданушы Ю сотқа 1998 жылғы Каменка ауылдық округының шешімінің бар болу заңдық фактісін анықтау туралы арызбен жүгінді.

ЖШС-нің талап арызы ішінара қанағаттандырылды

26/12/2016

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында талапкер "Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-ның жауапкер Р-дан қарыз ақшаны өндіру және үйден шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алған

26/12/2016

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында М.-ның нотариалдық іс-әрекетті жасаудан бас тартқаны үшін және нотариусты мұраға құқық беретін куәлікті беруді міндеттеу туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

«Ашық есік күні»

26/12/2016

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында аудандық тұрғындарға сот қызметі жөніндегі сұрақтары бойынша ашық есік өтті.

Сотпен дауды медиативтік жолмен шешу туралы келісім бекітілді

26/12/2016

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талап қоюшы Е.-нің жауапкер «Алматывент» ЖШС-не қатысты еңбекақыны өндіріп алу туралы берген  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі сот талқылауында тараптардан дауды медиативтік жолмен шешу туралы талап тілек білдірді.

Сотпен дауды медиативтік жолмен шешу туралы келісім бекітілді

26/12/2016

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талап қоюшы М.-ның жауапкер В.-ға берген қарыз соманы және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Дауды медиативтік жолмен шешу туралы келісімді бекітуін сұрап жазбаша түрде талапкер М. мен жауапкер В. жазбаша түрде талап тілек білдірді.

Тұрғын үй кешенін басқарғаны, қолданғаны және эксплаутация үшін қарыз өндірілді

26/12/2016

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотымен талапкер «Дом Сервис&Клининг» ЖШС-нің жауапкер Е-ге берген  тұрғын үй кешенін қолданғаны, басқарғаны үшін қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Рақымшылық жасау туралы актiнің негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылды

26/12/2016

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында  көлiк құралдарын басқаратып, жол жү рісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, адамның денсаулығына орта деңгейдегі жарақат келтірді, деген   Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.