Ұйғарым заңды күшіне енді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер И-тың мүддесін қорғаушы «Адал» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігінің жауапкер «Планета Электроники» ЖШС-не материалдық залал сомасын, моральдық залалды, айыппұлды және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

А.Э.Исаевтың мүддесін қорғаушы «Адал» Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігі жоғарыда аталған талап арызбен сотқа жүгінді, талап арызды анықтай отырып, сапасы жақсы ұқсас тауарға, тиісті сапасы жоқ тауарды ауыстыруды және «Планета Электроники» ЖШС-нен А.Э.Исаевтың пайдасына 100 000 теңге көлемді моральдық залалды өндіруді сұрады.

Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша сот мәжіліс барысында тұлғалардан медиациялық келісімді бекіту туралы жазбаша арызы түсіп, оны бекітуді сұрады.

Осы сот медиациясы бойынша тараптар, жауапкер «Планета Электроники» ЖШС-гі сапасы жақсы ұқсас тауарға тиісті сапасы жоқ тауарды ауыстыруды міндеттенеді.

 Сот медиациялық  келісімді бекіту алдында тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

ҚР АІЖК-нің 174 бабының 1 бөлігіне сәйкес, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Сот келісімді медиациялық тәртіп бойынша бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі