«Евразия+Орт» ЖШС-не қатысты талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында Н.Ж-ның «Евразия+Орт» ЖШС-не қатысты моральдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер Ж. «Евразия+Орт» ЖШС-не 100 000 теңге мөлшерінде моральдық залалды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. 2016 жылы 30 сәуірде «Бірінші канал Евразия» эфирінде «Кстати» бағдарламасында А.Ш-ның «санкцияланбаған жиылысқа келген әр адам үшін ұйымдастырушылар, жоқ, сіздерді шақырғандар емес,  жоғарыдағылар, яғни бесінші колоннадағылар шақырған, олар әр адам үшін  50 доллардан 150 долларға дейін алады. Бұл-бизнес» - деп айтқан сөзі талапкердің ар-намысына тигендіктен азамат және патриот ретінде, қарқынды ашу-ыза түрінде психикалық азап тудырғаны үшін сотқа келуге себеп болды.

«Евразия+Орт» ЖШС-нің өкілі талапкердің арызы заңға қайшы және оны қанағаттандырудан бас тартуды сұрады, өйткені жауапкер және Ш.А. талапкерге қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасамағандықтарынан, оған моральдық залал келтірілмегендігін көрсетті.

Сот отырысы барысында 2016 жылы 30 сәуірде «Революция Экспорт. Тәртіп бойынша хаос» атауымен репортажда эфирге шыққан «Аналитика» бағдарламасының бейне жазбасы қаралды. Сот отырысында, талапкерге қатысты жауапкер тарапынан оның ар-намысына, заңмен қорғалатын құқықтарына қарсы іс-әрекеттер жасалмағаны және қандай да бір дәлел ұсынбағаны анықталды. Сонымен бірге, талапкерге қарсы жауапкердің, бұқаралық ақпарат құралы ретінде эфир арқылы оның ар-намысына дақ келтірген жалған ақпараттың таралғаны туралы ешбір дәлел ұсынылмады. Адамгершілік, өнегелік зардап шеккені жайлы да талапкер жағынан ешбір дәлелді айғақтар да берілмеді.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Пресс-служба Бостандыкского районного суда города Алматы