Жаңалықтар

Қазақтың дастарханы – құт-берекенің бастауы

20/03/2024

Наурыз – халқымыз бар жақсылықтың қайнар көзіне балаған мейрам. Бұл күні  он сегіз мың ғалам, жеті қат Жер жаңғыруға, жаңаруға ұмтылатын Ұлыстың ұлы күні. 
Бұл мейрамның мән-маңызы өте терең. 

Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген күллі халықтың, ұлт пен ұлыстың асыға күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен аталып өтуде.

Ал осы мерекеде жайылатын қазақтың дастарханы халқымыздың пейілі секілді кең, дархан.
Үйіне келген мейманды құтқа балаған халықтың жайсаң мінезі  дастарханға қойған асынан-ақ аңғарылып тұрады. 

Салт-дәстүрді берік сақтап

19/03/2024

Көркем көктемнің мерекесі - Наурыз мейрамын біз байырғы кезеңде қалыптасқан тарихи және мәдени бастауларымыз бен салт-дәстүрлерімізге қайта оралып, өзгеше сипатта атап өтеміз.

Алматы қалалық сотындағы “Ұлттық киім күні” күнделікті
дресс-кодты дәстүрлі ұлттық костюмге ауыстырудың тақырыптық себебіне айналды.

Сот бақылауы: әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындау мәселелері

14/03/2024

Алматы қ. МАӘС Алматы қалалық сотының Оқу орталығымен бірлесіп, әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындаудың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға қалалық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Байгелов, Оқу орталығының басшысы А. Абилова, Алматы қ. МАӘС төрағасының м.а. Т.Төлегенов, судьялар, сондай-ақ Алматы қ. әкімдігінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Жер қатынастары басқармасының және Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының өкілдері қатысты.

Алматы қ. Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы

14/03/2024

Алматы қ. бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Е. Қожахметовтың қатысуымен өткен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысына Алматы қ. әкімі аппараты, Жетісу және Алмалы аудандары әкімдігінің, Алматы қ. Спорт басқармасының, Алматы қ. қала құрылысын бақылау басқармасының, Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі және т.б. шақырылды.

Өзбекстан судьялары делегациясының Алматы қалалық сотына сапары

13/03/2024

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасы бойынша Алматы қалалық сотында Өзбекстан Республикасы Жоғары Сот органының өкілдерімен кездесу өтті.

Шетелдік әріптестердің осы сапары қазақстандық сот жүйесінің әкімшілік сот ісін жүргізу саласындағы тәжірибесін зерделеуге деген ықыластан туындады.

"Көктем мен әйел егіз ұғым!”

07/03/2024

Көктемгі және ең нәзік мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жылдың ең жайлы мезгілінің басталуын, табиғаттың оянуын және асыға күткен жылудың келуін білдіреді. Мұның барлығы әйелдің бейнесіне, оның отбасы мен қоғамдағы негізгі рөліне байланысты екені символдық мәнге ие.

Осы күні Алматы қалалық сотында да мерекелік атмосфера орнады, мұнда сот жүйесінің нәзік жандыларының құрметіне орай сыйлықтар мен концерттік бағдарлама әзірленді.

Судьялар – ең лайықтылары

04/03/2024

Алматы қалалық соты жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында судья лауазымына кандидаттармен сұхбаттасу өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелері әрбір ізденушімен жан-жақты әңгімелесу өткізіп, оның барысында кандидаттардың кәсіби тәжірибесі мен біліктілігіне қызығушылық танытты. 

Жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

04/03/2024

Алматы қалалық сотында аудандық және оларға теңестірілген соттардың жаңа судьялары таныстырылды.

ҚР Президентінің 22.02.2024 ж. Жарлығымен Алматы қ. аудандық және оларға теңестірілген соттарына:Талғат Дәулетниязов Алатау аудандық сотының судьясы, Назерке Омарова, Бостандық ауданының Nº2 аудандық сотының судьясы, Бейбіт Молдағалиев, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, Айнұр Құмарова Медеу аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.

Ант қабылдау рәсімі өтті.

Беттер