Сот бақылауы: әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындау мәселелері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қ. МАӘС Алматы қалалық сотының Оқу орталығымен бірлесіп, әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындаудың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға қалалық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Байгелов, Оқу орталығының басшысы А. Абилова, Алматы қ. МАӘС төрағасының м.а. Т.Төлегенов, судьялар, сондай-ақ Алматы қ. әкімдігінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Жер қатынастары басқармасының және Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының өкілдері қатысты.

М. Байгелов кездесуді аша отырып, іс-шараға қатысушыларға әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындау барысында тараптар кезігетін мәселелерді қарауды, осы процесті бақылаудың тиісті тетіктері мен рәсімдерін талқылауды ұсынды.

Алматы қ. МАӘС судьясы
Т. Черныш ӘПРК-ның 18 б. нормаларына тоқталды, бұл нормалар бойынша заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұраныстары және басқа да өтініштері орындау үшін міндетті болып табылады.

Дегенмен іс жүзінде, атап айтқанда, жер қатынастары саласындағы даулар бойынша шығарылған сот актілері көп жағдайда орындала бермейді. Мысалы, жер комиссиясы институтын (республикалық маңызы бар қалада) алып тастаған ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізілгеннен кейін заңды күшіне енген 30 шешім орындалмады. Басқа да мысалдар келтірілді.

Кездесуге шақырылған мемлекеттік органдардың өкілдері орындалмаған жеке істердің бар екенін мойындай отырып, қалыптасқан жағдай бойынша өз дәлелдерімен және түсіндірмелерімен бөлісті.

Талқылау нәтижесінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдай отырып, сот актілерін тиісті деңгейде орындау бойынша тиімді жұмыс істейтін тетікті жолға қою туралы шешім қабылданды.