Салт-дәстүрді берік сақтап

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көркем көктемнің мерекесі - Наурыз мейрамын біз байырғы кезеңде қалыптасқан тарихи және мәдени бастауларымыз бен салт-дәстүрлерімізге қайта оралып, өзгеше сипатта атап өтеміз.

Алматы қалалық сотындағы “Ұлттық киім күні” күнделікті
дресс-кодты дәстүрлі ұлттық костюмге ауыстырудың тақырыптық себебіне айналды.

Бұл халықтың мәдени алуан түрлілігін, мұрасы мен дәстүрлерін танытуға тағы бір жолы десек те болады. Өйткені, Ұлттық киім - қазақ тілі секілді ұлттың мәдени коды, этностың бай тарихы мен мәдениетін сипаттайтын өзін-өзі анықтау символы.
Ұлттық киім мерекесіне сот төрағасы А. Смайлов, алқа төрағалары Н. Бекназаров, Е. Дәулиев, қалалық сот судьялары, Алматы қ. бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Е. Қожахметов, Сот аппараты қатысып, дәстүрлі сыртқы киім мен бас киімдерді, ою-өрнекпен безендірілген шапандарды айрықша ықыласпен киді.

Бұл күннің қорытындысы Наурыз мерекесі қарсаңында шығарылады - ұлттық мәдениет пен сән талаптарына сай келетін үздік киім үлгілері үшін түрлі номинациялар бойынша марапаттар көзделген.

Осы ерекше іс-шараның барлық қатысушылары ұлттық киім халықтың бірегей мәдениеті мен тарихын, оның дәстүрлері мен өмір салтын сақтаушы құндылық екеніне көз жеткізді. Бұл күннің естеліктері жалпы фотода сақталады.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.