"Көктем мен әйел егіз ұғым!”

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көктемгі және ең нәзік мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жылдың ең жайлы мезгілінің басталуын, табиғаттың оянуын және асыға күткен жылудың келуін білдіреді. Мұның барлығы әйелдің бейнесіне, оның отбасы мен қоғамдағы негізгі рөліне байланысты екені символдық мәнге ие.

Осы күні Алматы қалалық сотында да мерекелік атмосфера орнады, мұнда сот жүйесінің нәзік жандыларының құрметіне орай сыйлықтар мен концерттік бағдарлама әзірленді.

Салтанатты шарада сот төрағасы А. Смаилов құттықтау сөз сөйледі. Әріптестері туралы жылы лебізін білдіре отырып, ол сот жүйесіндегі әйелдер қауымының ерекше орны мен маңызын, олардың қоғамдағы биік мақсатын, шаңырақтары және жұмыс барысындағы қамқорлықтарын, қолдаулары мен сән-салтанатын атап өтті. Нәзік жаратылыс бола тұрып, олар ер азаматтардан қолдау күтуге, олардың  құрметтеріне, балалардың алғысына лайық екенін баса атап өтті.

Осы күні шын көңілден айтылған барлық жүрекжарды құттықтаулар, көктемгі гүл шоқтары және арулардың құрметіне арналған мерекелік концерттің әрбір музыкалық нөмірі жылы сөздерге, құрмет пен таңданыс сезіміне толы болды.

Құрметті әйелдер қауымы, шуақты мерекелеріңіз құтты болсын!

Бақыт, денсаулық, қуанышты күндер мен толағай табыс тілейміз!

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.