Болашақ заңгерлер қалалық сот қабырғасында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ колледжі Құқықтану факультетінің 3 курс студенттері куратор Э. Кенжебаевамен бірге қалалық сотқа келді.

ҚР Сот әкімшілігінің Алматы қ. бойынша Департаментінің басшысы Е. Қожахметов студенттермен кездесу барысында бүгінгі күннің басты міндеті - жастарға болашақ кәсіпті таңдауға көмектесу екенін атап өтті. Қалалық соттың құрылымының, функцияларының және жұмыс процесінің ерекшеліктерімен танысу студенттердің көпшілігі үшін сот ісін жүргізудің негіздерін түсінудің алғашқы қадамына айналады, сондай-ақ өз болашағын сот мансабымен байланыстырғысы келетіндер үшін пайдалы болмақ.

Студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды. 

Куратор Э. Кенжебаева Департамент басшылығына студенттерге заң мамандығының қыр-сырын білуге, оның практикалық аспектілерімен танысуға көмектескен осы мазмұнды, танымдық әрі қызықты кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.