Алматы қ. Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қ. бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Е. Қожахметовтың қатысуымен өткен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысына Алматы қ. әкімі аппараты, Жетісу және Алмалы аудандары әкімдігінің, Алматы қ. Спорт басқармасының, Алматы қ. қала құрылысын бақылау басқармасының, Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі және т.б. шақырылды.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін ұстануы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелерін талқылады. Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілерді алдағы уақытта қосымша жұмыс уақытына тартуға жол бермеу жөнінде ұсыныстар айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке тағайындау кезінде қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін талдау қорытындысы шығарылды. Сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері бойынша жекелеген мемлекеттік органдардың қызметі қаралды. Кеңес жағдайды өзгерту бойынша ұсыныстар айтты.

Алматы қ. Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметіне, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Күн тәртібіндегі барлық талқыланған мәселелер бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдады.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.