Қазақтың дастарханы – құт-берекенің бастауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Наурыз – халқымыз бар жақсылықтың қайнар көзіне балаған мейрам. Бұл күні  он сегіз мың ғалам, жеті қат Жер жаңғыруға, жаңаруға ұмтылатын Ұлыстың ұлы күні. 
Бұл мейрамның мән-маңызы өте терең. 

Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген күллі халықтың, ұлт пен ұлыстың асыға күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен аталып өтуде.

Ал осы мерекеде жайылатын қазақтың дастарханы халқымыздың пейілі секілді кең, дархан.
Үйіне келген мейманды құтқа балаған халықтың жайсаң мінезі  дастарханға қойған асынан-ақ аңғарылып тұрады. 

Әз-Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отырған Рамазан айына орай Алматы қалалық сотының судьяларына ақ дастархан жайылып, ауызашар берілді. 

Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Смайлов әріптестерін өзге мерекелерден  шоқтығы биік Әз-Наурыз мерекесі - жаңғыру мерекесімен құттықтады.

Қазақи нақыштағы камзол киген судьялар мерекенің сәнін, жаңа жылдық берекенің мәнін кіргізді. Көптен күткен Әз-Наурыз мерекесі Рамазан айымен қатар келіп, сот жүйесіне тағы бір ұмытылмас әсерлі күн сыйлады.

Жыл басы – Әз наурыз құтты болсын!