Алматы қалалық сотының судьясы медиация институтын қолдану мәселелеріне арналған баспасөз-мәжілісіне қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматыда баспасөз-клуб ғимаратында «Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін медиация институтын қолдану және қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау» атты жобаны жүзеге асыру қорытындылары бойынша баспасөз-мәжілісі өтті.

Іс-шараға Алматы қалалық сотының судьясы Г.Қожаханова, жоба басшысы Халықаралық құқыққорғау орталығының президенті Ж.Жакупов, «Патриоттық қозғалыс Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестіктің басшысы Н.Бейсенғазы және т.б. қатысты.

Алматы қалалық сотының судьясы Г.Қожаханова баспасөз-мәжілісінде сөз сөйлеуінде, «Бұл институтты енгізуден бұрын, медиацияның не екенін түсіну керек. Бұл қақтығысты толықтай тамырымен жою арқылы дауды шешу. Мемлекет бұл ауқымды жұмысты қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін жүргізіп жатыр. Біз медиацияның да, адвокаттар институты сияқты күнделікті өмірге енгенін қалаймыз», - деп айтты.

Жоба басшысы Ж.Жакуповтың айтуы бойынша, Халықаралық құқыққорғау орталығының Құқық пен медиация орталықтары соңғы екі ай ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде халықтың әлеуметтік осал тобының 600-дан астам адамы білікті заңгерлерден тегін құқықтық көмек алған және 300-ден астам адам медиаторлардың көмегімен өздерінің дауларын бейбіт жолмен реттеген.

Қазақстанның барлық облыстарында  320 үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысқан үкіметтік емес сектормен 16 кездесу өткізілген. Аталған кездесулердің нәтижесі болып азаматтық қоғамның өткір әлеуметтік мәселелерінің тізімі болды.

Бүгінде даулар мен келіспеушіліктерді шешу бойынша тегін көмек көрсетіп жүрген республикамыздың 300 кәсіби емес медиаторлары кәсіби медиаторлардың семинарларында оқудан өтті. Жергілікті қоғамдастықтарда беделін пайдаланатын 60 қоғам қайраткері кәсіби медиаторладың курсттарында дауларды шешу бойынша тәжірибелік дағды мен теориялық білім алды.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі