Жаңалықтар

Талап-арыз қараусыз қалдырылды

25/09/2023

Алматы қ. МАЭС-те келісім-шартты бұзу фактісі туралы “А”, “В” және “Э” ЖШС-ларына Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру мақсатында және сыртқы көшелердегі жарықтарды жаңғырту мақсатында Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Алматы Қала Жарық" МКК және "Э" ЖШС арасында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарты жасалғанын анықтады.

Өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысындағы билік өкілдерін қорлау

22/09/2023

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында билік өкілдерін өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша  А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 378 б., 1 б.)

Сот ағымдағы жылдың 14 маусымында Майлин көшесінде "Lexus" маркалы автокөлік тоқтатылғанын анықтады. Жүргізуші А. полиция қызметкерлерінің заңды әрі бірнеше рет қойылған талаптарын орындаудан үзілді-кесілді бас тартып, полиция қызметкерлеріне дөрекі сөз сөйлеген, сондай-ақ қарсылық танытқан, осылайша ол өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысындағы билік өкілдерін қорлады.

Сотталғандардың адвокаттары іс бойынша процесті бұзды

19/09/2023

 

2023 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қалалық сотында Алматы әуежайы мен диспетчерлік қызметіне жасалған шабуылға байланысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдауын өткізу жоспарланған болатын.

Сот отырысы онлайн режимде өткізіледі деп жоспарланған, бұл жөнінде процеске қатысушыларға алдын ала хабарланды.

Алайда, осыған қарамастан, бірнеше адвокат қалалық сот ғимаратына офлайн отырыс өткізуді талап етіп келді.

Тәртіпті бұзып, сот ғимаратына күшпен кіруге тырысып, сотталғандардың адвокаттары процеске қосылмады, осылайша тыңдаудың өткізілуіне кедергі келтірді.

1 қыркүйектен бастап ювеналдық соттардың соттылығы кеңейеді

31/08/2023

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң арқылы 27 наурызда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығын кеңейтуге бағытталған ҚР АПК-ге және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді – олардың құзыретіне кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қарастыратын даулар берілді.

Талап-арыз қанағаттандырылды

29/08/2023

Алматы қ. Бостандық аудандық сотында М.-ның журналист А. мен "О" ақпараттық порталына қатысты ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау, моральдық зиянды өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот жауапкер А. БАҚ өкілі бола отырып, М.-ның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны туралы расталмаған мәлімет таратып, ақпараттық порталда мақала жариялағанын анықтады.

Талапкер соттан бұл мәліметтерді жарамсыз деп тануды, жауапкерлерді оларды жоққа шығаруға міндеттеуді, сондай-ақ моральдық зиян мен сот шығындарын өтеуді сұрады.

“ ҚР Негізгі Заңы - Конституцияның тарихи маңызы ” тақырыбында өткен брифинг жайлы бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.

29/08/2023

“ ҚР Негізгі Заңы - Конституцияның тарихи маңызы ” тақырыбында өткен брифинг жайлы бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.

Спикерлер:
- Алматы қалалық сотының судьясы Роза Айнакулова,
- Алматы қ. мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Айман Джамбырбаева.

Сілтеме бойынша таныса аласыздар:
https://www.facebook.com/watch/live/?ref=watch_permalink&v=849840550100579

 

ЖСО-ның қаулысы заңды деп танылды

23/08/2023

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты сот орындаушысынан бас тартуды заңсыз деп тану туралы Алматы қ. округінің Е. ЖСО-на қатысты Д.-ның талап арызын қарады.

Сот ЖСО-ның орындауында Д.-ны және тұрғын үйде онымен бірге тұратын адамдарды көшіру туралы атқарушылық өндірісі болғанын анықтады.
2023 жылғы 5 шілдеде Д.-дан борышкер ретінде оның жеке мүдделілігіне байланысты ЖСО-ның атқарушылық іс-әрекеттерінен бас тарту туралы өтініш түсті.

Жеке сот орындаушысы өз қаулысы арқылы сотқа шағымданған Д.-ның қарсылығынан бас тартты.

Сот өмірінен бір күн "Өмір теңгерімін қалпына келтіру"

17/08/2023

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта "Мастермайнд" форматындағы кезекті іс-шара өтті, шараға қала соттарының мамандары қатысты.

Алматы қ. бойынша Сот әкімшілігі Департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Серік Накуллов кездесуді аша отырып, мұндай бас қосулардың міндеті - дербес ынталандыру, өмірде дұрыс мақсаттарды таңдау, кәсіби шаршауды еңсеру, іс-әрекеттерді талдау мәселелерін қарастыру екенін атап өтті.

Фитнес клубтағы ұсақ бұзақылығы үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/08/2023

Алматы қ. әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық фактісі бойынша М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі).

Сот ағымдағы жылдың тамыз айында қаладағы фитнес клубта азамат М. жанжал шығарып, сондағы клиент А.-ға құрметсіздік танытып, балағат сөздер айтқанын, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғанын анықтады.

Сот отырысында М. іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өз кінәсін мойындады.

Сот өмірінен бір күн: “Мастермайнд”

15/08/2023

Алматы қ. мамандандырылған әкімшілік сотында Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі, қаладағы сот мамандарының қатысуымен қызметшілердің ынта-ықыласын арттыруға бағытталған іс-шара - мастермайнд өтті. Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Серік Наққұлов* кездесуді аша отырып, дербес жетістікке жету жолдарын ұжымдық іздестірудің, өзіндік ынталандырушы жарыс барысында өз бетінше тиімді жұмыс істеудің пайдалы тұсын және өзектілігін атап өтті.

Нақты жағдаяттарды талдау

Беттер