Жаңалықтар

Ұрып-соғу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

09/01/2024
 
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша Т.-ға қатысты әкімшілік істі қарады (ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 б.).
Сотпен анықталғаны, өткен жылдың желтоқсан айында Т., үйінде болған кезде жанжал шығарып, оның барысында әйелін ұрып-соққан.
Сот отырысында Т. өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді, өзара татуласуға байланысты, соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Алматы Халықаралық әуежайының экс-президентіне ақша ұрлағаны үшін сот үкім шығарды

05/01/2024
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде заңсыз иемденді және ұрлады деп айыпталған Алматы халықаралық әуежайының экс-президенті Б.-ға және авиациялық жанар-жағар май қызметінің басшысы Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.ҚР (ҚР ҚК-нің 189 бабы 4 бөлімі 2 тармақ)
Сотпен анықталғаны, Б. 2016 жылдан бастап әуе кемелеріне жанар-жағармай құю үшін «ТА» ЖШС арқылы авиа тасымалдаушылардан алынған қаражатты ұрлау схемасын әзірлеп, жүзеге асырған.

Алтыннан да ардақты ардагерлер

15/12/2023

Судьяларды құрметті отставкаға шығарып салу рәсімі әрбір судья ерте ме, кеш пе басынан өткеретін, сондай-ақ, осы шараға қатысушылардың барлығы үшін өте әсерлі әрі толқынысқа толы сәт…

Осы салтанатты іс-шара Алматы қалалық сотының ұжымында үлкен құрметпен, ізгі және риясыз тілектермен жылы атмосферада өтті.

Ғылыми-практикалық кездесу

01/12/2023

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасында бакалаврлар, магистранттар және оқытушылардың Алматы қ. Бостандық аудандық сотының судьялары Р.А. Тұрсымбаева және Т. Абайдельдиновамен ғылыми-практикалық кездесуі өтті.

Іс-шараға з.ғ.д., профессор С.Ж. Сүлейменова, оқытушылар – С.Э. Асанова, Г.Г. Нұрахметова, Т.М. Абайдельдинов қатысты.

«Шекарасыз құқық»

23/11/2023

Алматы қ. кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Франция Республикасының судьясы Лиза Эокпен кездесу өтті.

Франция Республикасы сот жүйесінің өкілі - судья Лиза Эок-тің жұмыс сапары Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссияның қатысуымен "Шекарасыз құқық" бағдарламасы аясында өтті.
Қонақты Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары А. Сабитова алып жүрді.

Сот журналистерге шабуыл жасаған тұлғаларға  қатысты үкім шығарды

22/11/2023

Алматы қаласының Ювеналды сотында журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген айып бойынша Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Оған журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтірді, жеке өмірге және дербес деректерге қол сұғылмаушылықты бұзды, кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартты, қорқытты, бұзақылық жасады, ақпараттық жүйенің жұмысын бұзды және бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірді деген айыптар тағылды (ҚК-нің 158, 147, 132, 115, 293, 207 және 202 баптары).

А. Мелдеханұлы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды

22/11/2023

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.-ға қатысты әкімшілік істі қарады (ӘҚБтК 456-2 бабының 3 бөлігі).

Іс материалдарынан а.ж. 8 қарашада М. «Facebook»-те бейнехабарлама жариялағаны белгілі.

Аталған жазбада М. а.ж. 21 қазанда көршісінің оған шабуыл жасау фактісі бойынша полиция қызметкерлері шабуылдаушыға қатысты әрекетсіздік танытқанын мәлімдеді. Сондай-ақ полиция органдары оның өтінішін қабылдамаған және қандай да бір сипатта әрекет етуге тырыспаған.

Мемлекеттік тілді меңгеру – мемлекеттік қызметкерлердің міндеті

08/11/2023

Алматы қалалық сотында Алматы қ. бойынша Сот әкімшілігі департаментінің, аудандық және оларға теңестірілген қалалық соттардың мамандарына сот ісін жүргізуде заң терминдерін және мемлекеттік тілді қолдану бойынша семинар ұйымдастырылды.

Журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтірген күдікті еріксіз емдеуге жіберілді

01/11/2023

Сот журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтірді, жеке өмірге және дербес деректерге қол сұғылмаушылықты бұзды, кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға тартты, ақпараттық жүйенің жұмысын бұзды және бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірді (ҚК-нің 158, 147, 132, 115, 293, 207 және 202 б.) деген айыптаулар тағылған К.-ға қатысты медициналық сипаттағы еріксіз емдеу шараларын қолдану туралы істі қарады.

Беттер