Жаңалықтар

Қорытынды шығарылды, келешекке арналған міндеттер айқындалды

31/10/2023

Сот алқалары мен аудандық соттардың төрағалары, Алматы қалалық сотының судьялары және қалалық Сот әкімшілігі Департаменті басшылығының қатысуымен өткен Алматы қ. судьялар корпусының кеңейтілген отырысында 2023 жылғы 9 ай ішіндегі сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары талқыланды.

Әрбір сурет шуақты!

31/10/2023

Алматы қ. бойынша Сот әкімшілігі департаменті қызметкерлерінің 13 баласы Алматы қалалық сотында Республика күніне орай ұйымдастырылған сурет байқауына қатысты.

Жас қылқалам шеберлері ұсынған суреттер шығармашылық ізденіске, идеялық мазмұнға бай – олар Отанға деген сүйіспеншіліктерін, оның тарихын, ұлттық болмыс пен республиканың өзіндік ерекшелігін қағаз бетіне түсірген.

Талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды

26/10/2023

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында ар-намысты, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау туралы О.-ның К.-ға қатысты талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер О. соттан Telegram мессенджері арнасында жауапкер К. таратқан мәліметтерді шындыққа жанаспайтын, оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер деп тануды, сондай-ақ жауапкердің мәліметтерді теріске шығаруын және моральдық зиянның орнын толтыруға міндеттеуді сұрады.

Ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды ⠀

18/10/2023

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша С.-ға қатысты әкімшілік істі қарады (ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі).

Сот ағымдағы жылдың қазан айында С. №118 маршруттық автобусының салонында болған кезде балағат сөздер айтып, Д. есімді жолаушыға құрметсіздік танытып, қорлап, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады.

Сот отырысында С. іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және жасаған ісіне өкініш білдірді.

Тотықұс жөніндегі дау-дамай

06/10/2023

Бостандық аудандық сотында
С.-ның А.-ға қатысты тотықұсты, оның торы мен тұғырын заңсыз иелену туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істің мән-жайы:
Бірге тұрған кезде талапкер тотықұсты, сондай-ақ арнайы тор мен тұғырды сатып алады. Тараптар арасындағы қарым-қатынас аяқталғаннан кейін, талапкердің пәтері босатылғанға дейін тотықұсты жауапкердің пәтерінде уақытша қалдыру туралы келісімге келеді. Алайда көп ұзамай жауапкер талапкерге тотықұсты қайтарудан бас тартқан, осыған байланысты талапкер сотқа жүгінді.

Алқабилер айыпкерді қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды

05/10/2023

Қылмыстық қудалау органы Н.-ды қасақана кісі өлтірді деп айыптады (ҚК-нің 99 б., 1 б.).

Н. 3 жыл бойы жұбайымен некеде болған. Ажырасқаннан кейін, еркектің жұбайына деген дұшпандығы мен араларында көптеген жанжалдың орын алуына себеп болған ортақ мүлікті бөлу мәселесі шешілмеген күйінде қалған.

Алматы қалалық сотында Корея Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясымен кездесу өтті

02/10/2023

2 қазанда Корея Республикасы Жоғарғы сотының өкілдеріні Алматы қалалық сотына жұмыс сапарымен келді.

Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Смайлов пен делегация басшысы, Корея Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Мин Ю Сук құттықтау сөздермен алмасты.

Алқабилер соты Алматыда әйелдің басын кесіп алған еркекке үкім шығарды ⠀

28/09/2023

ҚМАС-та Алматыда әйелдің басын кесіп алған И.-ға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

Тергеу органы оған ҚК-нің 99 б., 2 т., 5 т., яғни асқан қатыгездікпен қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша айып тақты.

Істі қарауға алқабилер қатысты.

Сот анықтады:
Сотталушы И. отбасылық және өмірлік қиын жағдайда бола отырып, өзімен одан әрі қарым-қатынасты жалғастырғысы келмейтін азаматтық жұбайына материалдық тәуелді бола тұра, қоғамда үрейлі, криминогендік жағдайды қалыптастыру мақсатында кісі өлтіруге бел байлаған.

Татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды ⠀

27/09/2023

Алматы қ. кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі МАС-та алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бұзақылық фактісі бойынша кәмелетке толмаған сотталушылар Ж. және Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 293 б., 2 т., (1 т.).

Тәркіленген мүлікті жымқырғаны үшін сотталды ⠀

26/09/2023

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында ҚК 190 б., 4 т., 2 т., 28 б., 5 т. - 190 т. 4 т. (алаяқтық және алаяқтыққа жәрдемдесу) бойынша сотталушылар - М., У. және К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтады:
ҰҚКД орынбасары М. алдау жолымен Алматы қаласы әкімінің орынбасары У. және Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы К. арқылы сот үкімі бойынша тәркіленген 5 мүлік нысанын көрінеу төмендетілген құн арқылы иеленген.

Тараптардың ұстанымдары.
Сотталушылар - М., У. және К. өз кінәларын мойындамады. Соттан өздерін ақтауды сұрады.

Беттер