Жаңалықтар

Сот мүгедек әйелге мүгедектер арбасын жеткізіп бермегені үшін авиакомпаниядан материалдық және моральдық шығынды өндіруге көмектесті.

12/02/2024

Арбасыз өз бетінше қозғалуға мүмкіндік бермейтін ауруға шалдыққан 2-топтағы мүгедек әйел емдік профилактикалық, сауықтыру және оңалту емдеу шарасын алу үшін Алматыдан Тайландтың Бангкок қаласына ұшып келді.

Ұшып кетер алдында әуежайдың жер үсті қызметі мүгедектер арбасын багаж ретінде өткізуін және оны ұшақ қонғаннан кейін жолаушыға қайта табыстайтынын айтты. Ұшақ Бангкок әуежайына қонған соң әйел жүк ретінде өткізген мүгедектер арбасының әуежайға келмегенін біліп, соның салдарынан қозғалыс құралынсыз қалып және бір апта бойы бөлмеден шыға алмай, сырттан көмек алуға тура келген.

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Р., Б. және М.-ға қатысты пара алды, пара берді және пара беруге делдалдыққа қатысты қылмыстық іс қаралды. (ҚК-нің 366 бап., 3 б., 3 т., 367 бап., 3 б., 2 т., 368 бап., 1 б.)

08/02/2024

Сотта анықталғандай, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты мен «К»ЖШС-нің арасында ЖШС-нің директорі Б. саябақтардағы жасыл желектерді күтіп-ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Жасыл алқаптарды тексеру барысында Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Р. орындалған жұмыс актілері мен орындалған жұмыстардың құны туралы актісіне кедергісіз қол қоюы үшін делдал арқылы пара алу ниеті туындаған

Өз кезегінде Б. бұл ақпаратты ЖШС құрылтайшысына хабарлаған.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және өтелмеген жазаларды ауыстырудың басқа да мәселелері

07/02/2024

Алматы қалалық сотында «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру және бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыруға жазасымен ауыстыру туралы материалдарды қараудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Ұл мен ананың үйді бөле алмауы туралы оқиғасы

06/02/2024

 Халық даналығында айтылғандай: жақсылық жасамасан – саған ешкім жамандық жасамайды...

Бала анасына немесе әкесіне қарсы - бұл сот тәжірибесінде жиі кездеседі. Және бұл алаңдатпай қоймайды ...

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында анасы К.-ның ұлы К.-ға на қатысты жер учаскесі бар тұрғын үйді сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

СОТ АЛҚАСЫ «MUDARABAH CAPITAL»-ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІН ӨЗГЕРТУСІЗ ҚАЛДЫРДЫ

01/02/2024

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасының басшылары мен қатысушыларына қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.

Бұған дейін, бірінші сатыдағы соттың үкімімен 10 сотталушы ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу, қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оны басқару бойынша кінәлі деп танылып, олар 6 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын.

Сотталушылар Т. және Ш. қаржылық пирамиданы басқарғаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот сараптамасын тағайындау кезіндегі өзекті мәселелер қарастырылды

26/01/2024

Алматы қалалық сотында "Сот сараптамасын тағайындау кезіндегі өзекті мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара аясында судьялар мен сарапшылар сот сараптамасын тағайындау және жүргізу рәсіміне қатысты түрлі аспектілерді талқылады.

Талқылау барысында Бостандық аудандық сотының төрағасы Д. Тілеубаев, ССИ криминалистикалық зерттеулер қызметінің меңгерушісі С. Ноғаева және ССИ қолжазба сараптамасы қызметінің меңгерушісі А. Қолдаева сөз сөйлеп, жұмыс барысында туындайтын жекелеген мәселелерге ерекше назар аударды.

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданысы

25/01/2024

Алматы қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында өткен дөңгелек үстелде «Сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдің сапасын арттыру» тақырыбы талқыланды. Іс-шараға судьялар, Алматы қ. прокуратурасының аға прокуроры Ержан Өмірзақов, Алматы қ. мен аудандары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан МАЭС төрағасының міндетін атқарушы Айбар Нұрбеков мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру оның сот жүргізу ісіндегі қолданыс сапасын арттыруды талап ететінін атап өтті.

«Алматы қаласы Әкімшілік сотының 2023 жылғы қызметінің қорытындысы туралы»

23/01/2024

Тақырыбында өткен брифинг жайлы бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.

Спикерлер:
Алматы қ. мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары 
-Турсыналы Толегенов 
-Ұлан Қажыкен 

Сілтеме бойынша таныса аласыздар:
https://www.facebook.com/watch/live/?mibextid=K8Wfd2&ref=watch_permalink...
 

Соттар мен арбитраждың өзара іс-қимылы туралы

23/01/2024

Жоғарғы Соттың судьялары Гүлжан Әлмағамбетова, Жаңылдық Қашқынбаева және Маргарита Одинцова Алматы қалалық сотында өткен соттар мен арбитраждың өзара іс-қимылы мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Талқылауға қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нариман Бекназаров, сондай-ақ, Алматы қаласы мен аудандық соттардың судьялары қатысты.

Іс-шараны Жоғарғы Сот, USAID және ABA ROLI ұйымдастырды.

Жоғарғы Соттың судьясы М. Одинцова нормативтік қаулының негізгі ережелерімен таныстырды.

Сот, Р.Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соққаны үшін әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды

16/01/2024
Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарауды аяқтады.
Бұған дейін бірінші сатылы сот Р.Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған.
Аталған материалды қарау барысында, сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді.
Алматы қалалық сотының алқасы, Алматы қаласының МАӘҚС қаулысын өзгерті.

Беттер