Жаңалықтар

Тиімді байланыс орнатуды меңгеру

20/07/2023

Алматы қалалық сотында Алматы қ. аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандарына арналған «Әлеуметтік желілердегі келеңсіздіктерді жою» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Алматы қ. бойынша Сот әкімшілігі басшысының м.а. Абай Жарылқасын қатысушыларды қарсы алып, ақпараттық ағын күшейген жағдайда ақпаратты дұрыс қабылдап, оны сана сүзгісінен өткізіп, сұрыптап, өнімділікті арттыру мақсатында ең ұтымдысын пайдалана отырып, тиімді байланыс дағдыларын дамытуды үйрену әрбірімізге қажет екенін айтып өтті.

Басшының бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

05/07/2023

Алматы қ. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, әскери бөлім басшысының белгіленген тәртіп бойынша берген бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартқан қатардағы жауынгер Б.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот 2023 жылғы 2 шілдеде әскери бөлімнің әскери қызметкері қатардағы жауынгер Б. Алматы гарнизонының гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне баруы тиіс екенін анықтады.

Жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды 

03/07/2023

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. 

Сот 2023 жылғы 14 маусымда А. Алматы қаласының көшелерінде автокөлік айдап жүріп, жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылғанын және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағанын анықтады. 

Сот отырысында А. іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкініш білдірді. 

Алматы қаласы әкімдігінің митинг өткізуге келісім бермеу туралы әрекеттері заңды деп танылды

03/07/2023

Алматы қ. МАӘС 2023 жылғы 3 шілдедегі шешімі бойынша Алматы қ. әкімдігінің бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермеуін заңсыз деп тану туралы А., У., К., Ж.-ның талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Талапкерлер жергілікті атқарушы органга митинг өткізу туралы хабарламалар беріп, митинг өткізілетін орын ретінде Уәлиханов атындағы саябақты көрсеткен.

Қатысушылардың болжамды санының арнайы орынды толтырудың шекті нормасынан асып кетуіне, сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізуге байланысты әкімдік қаулыларымен митингілерді өткізуге рұқсат берілмеді.

Жартыжылдықтың қорытындысы шығарылды

30/06/2023

Алматы қалалық сотында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша жиын өтіп, шараға қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, қалалық Сот әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нариман Бекназаров, әкімшілік істер жөніндегі алқаның төрағасы Мейірбек Байгелов және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Дәулиев сот төрелігін іске асырудың 2023 жылғы 6 ай ішіндегі нәтижелері бойынша есептік баяндамалар жасады.

Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күші жойылып, жаңадан қарауға жіберілді

27/06/2023

Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысы алқабилердің айыпкер Н.-ның іс-әрекеттерін қасақана адам өлтіруден (ҚК-нің 99 б., 1 б.) қуатты психикалық толқу жағдайында адам өлтіруге (ҚК-нің 101 б.) ауыстыру

туралы үкімінің күшін жойды.

 

Алқабилердің қатысуы арқылы шығарылған үкімнің күшін жоюға мына мән-жайлар негіз болды.

Сот бұрын зерттемеген дәлелдемелерге сілтеме жасаған қорғаушы тараптың адвокатының пікірталас барысында сөйлеу тәртібін бұзуы - яғни заң талаптарының бұзылуы сот тергеуін қайта жаңғыртуға әкелді.

Заң және заман Есім ханның «ЕСКІ ЖОЛЫ» ⠀

13/06/2023

Есім хан – Қазақ хандығын 1598-1628 жж. басқарған. Есім хан билік құрған тұста халқы оны ардақтап, «Еңсегей бойлы ер Есім» деп атаған. Өзі хан тағына отырғанға дейін ел тізгінін ұстаған хандар кезінде және дәстүрлі қазақ қоғамында басшылыққа алынған құқықтық нормалар мен заңдарды жинақтап, «Есім ханның Ескі жолы» атты заңның негізін салған. ⠀

Өзіне дейінгі дала заңдарын сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік жағдайына, халықтың тұрмысы мен салт-дәстүріне сәйкес жетілдірген. Мұның арқасында бұл заң үлкен қолданысқа ие болып, халық арасында кеңінен таралған. ⠀

Сот Алматы қ. Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарады

07/06/2023

 

Алмалы аудандық соты Алматы қаласы Полиция департаменті уақытша ұстау изоляторының жеті қызметкеріне қатысты өлім түріндегі ауыр зардапқа әкеп соққан, басқа тұлғаларға зиян келтіру мақсатында билігін асыра пайдаланып, зорлық-зомбылық қолданды, қызметте әрекетсіздік танытты деген айып бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК-нің 146 б., 3 т., 370 б., 4 т., 1 т.).

Сот анықтады

2022 жылғы 9 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдік бойынша жәбірленуші А. Алматы қ. ПД УҰИ-ға жеткізілген.

Азаматтарды көшіру туралы шешімнің күші жойылды

01/06/2023

Тұрғын үй қатынастары жөніндегі бұл дау –  күнделікті дау-дамайлардан өзгеше.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын тұрғындарды оларға басқа тұрғын үй ұсынбай жатақханадан шығару туралы талап арыз бойынша сотқа жүгінген. Талап арыздың себебі – жатақханалардың бірінің бос тұруы, ал басқа ғимараттың апатты, яғни тұруға жарамсыз болуы. Бұл ғимаратты бұзу туралы акті де бар. Жауапкерлер жатақханада тұруға құқық белгілейтін құжаттарсыз тұрып жатыр.

Аудандық сот осы талапты қанағаттандырды.

Сот өмірінен бір күн: Өмірге үміт сыйлаңыз

31/05/2023

 

Бүгін ҚР Сот әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мамандары Балаларды қорғау күні және Донор күніне орай ұйымдастырылған қан тапсыру науқанына қатысты.

Қан тапсырып, донор болу туралы идеяның қалай пайда болғаны жөнінде ҚР Сот әкімшілігі Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Абай Жарылқасынұлы пікір білдірді:

Беттер