Жаңалықтар

Ұлыстың Ұлы күні – 22-наурыз

20/03/2014

Бүгін, 20 наурыз күні, Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Жайлауханұлы, сот саласында қызмет атқарып жүрген  әріптестерін 22-наурыз мейрамымен құттықтап, «Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз босағамызды аттағалы тұр. Бұл бір-бірімізге деген ренішті ұмытып, табысатын кез. Жарқын өмірдің бастамасы болып саналатын осы көктем мерекесі барлығыңыздың отбасыңызға мол қуаныш пен бақыт алып келсін. Жұмыстарыңыз жемісті болсын» деген тілегін білдірді.

Соттың өндірісіне Антипова Оксана Алексеевна, Тихоненко Игорь Алексеевич, Шестернев Александр Сергеевичке қатысты қылмыстық іс 13 наурыз 2014 жылы түсті

20/03/2014

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты

Соттың өндірісіне Антипова Оксана Алексеевна, Тихоненко Игорь Алексеевич, Шестернев Александр Сергеевичке қатысты қылмыстық іс 13 наурыз 2014 жылы түсті.

Антипова Оксана Алексеевна ҚР ҚК-нің 176 бабы 3 бөлігі «Б» тармағымен, Тихоненко Игорь Алексеевич, Шестернев Александр Сергеевич ҚР ҚК-нің 176 бабы 4 бөлігі «Б» тармағымен сотқа берілді.

Іс бойынша алдын ала тындау 23.03.2014 жылы сағат 10-00-ге тағайындалды. 

17.03.2014ж. сағат 17:00 Алматы қаласының Әуззов ауданының сотында Ахан Нұрпейісов ҚР-ың ҚК-нің 232 бабымен кінәлі деп табылды

17/03/2014

17.03.2014ж. сағат 17:00  Алматы қаласының Әуззов ауданының сотында Ахан Нұрпейісов ҚР-ың  қылмыстық қодексінің  232  бабымен кінәлі деп табылып,   1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағылды.

Қайрат Нұртас және Хабибулина сот отырысына келмеді.

2014 жылдың 19 наурызында сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Б.А. Бекназаровтың Алматы қаласына сапары күтілуде

14/03/2014

2014 жылдың 19 наурызында сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Б.А. Бекназаровтың Алматы қаласына сапары күтілуде.

Шара барысында республикалық судьялардың бос орындарын иеленуге өтетін байқауға қатысатын, кандидатуралары Алматы қалалық сотының пленарлық отырысында құпталған үміткерлермен кездесу өтеді.

Бүгін Алматы қалалық сотының төрағасының қатысуымен 3 судья ант қабылдады

12/03/2014

Бүгін Алматы қалалық сотының төрағасының қатысуымен 3 судья ант қабылдады:

1. Мусағалиев Нұрлан Жәрдемұлы;

2. Қасымова Ғалия Қасымқызы; 

3. Утеубаев Канат Талгатбекович.

Судяның ант беруі:
"Өз міндеттерімді адал және абыройлы атқаруға, сот төрелігін Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретінде борышым міндеттегендей бейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант етемін" - деді.

"Травел экспресс" компаниясының қызметкерлеріне қарақшылық шабуыл бойынша үкім

11/03/2014

2014ж. 7-наурызында, Алматы қаласының ауданаралық арнайы сотында "Травел экспресс" компаниясының қызметкерлеріне қарақшылық шабуыл дерегі бойынша үкім жарияланды.

Айыпталушылар - Мухадинов Х.А., Танаков А.В., Авдяков С.Н.

Барахолкадағы өрт дерегі бойынша тыңдау

11/03/2014

2014ж. 6-наурызда, сағат 11:00-де №2 Жетісу аудандық сотында барахолкадағы өрт дерегі бойынша алдын-ала тыңдау өтті.

Айыпталушылар - Хайранов Ж.С. (ҚР ҚК 188 бабының 1 бөлімі бойынша) және Алдабергенов М.Р. (ҚР ҚК 256 бабының 2 бөлімі бөйынша).

Беттер