Архив событий

26/08/2020

Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/08/2020

Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «WhatsApp» бейнеконференция бағдарламасы арқылы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  608 бабының 1 бөлігі бойынша М.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

16 тамыз 2020 жылы Алматы қаласында М., алкогольдік мас күйінде бола тұра, автокөлігін басқарып келе жатып, Назарбаев даңғылы бойымен  өтіп бара жатып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тоқтатылды.

Қарызды өндіріп алу туралы дау медиация арқыл шешілдіі

26/08/2020

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында талапкер «ПК» ЖШС жауапкер Ш.-дан қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша іс қаралды

Талапкер өз арызында, жауапкер Ш.-ға 2018 жылдың мамыр айында 548 700 теңге көлемінде қарыз берілгендігін, бірақ оны өз мерзімінде қайтаруға міндеттенсе де, қайтармағандығын көрсетеді.

Кінәлі деп танылды

26/08/2020

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99- бабының 1-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген сотталушы Т. -ғақатысты қылмыстық іс қаралып бітті.

Еңбек құқықтары қалпына келтірілді

26/08/2020

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына «А» ЖШС-не қатысты жұмыстан босату бұйрығын  заңсыз деп тану, қайта орналастыру және мәжбүрлі жұмыссыз жүрген мерзімдегі еңбек ақысын өндіру туралы талап арызымен қала тұрғыны  жүгінді.

2018 жылдың қазан айының 15-де талапкер толық жауапкершілігін жүктей отырып зергерлік бұйымдардың бағалаушы-кассир лауазымына қабылданған.

Анасы мен қызы сотта татуласып, медиациялық келісім жасады

26/08/2020

Алматының 44 жастағы тұрғыны сыйға тарту келісімін жарамсыз деп тану туралы талап арызбен Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына жүгінген. Осыдан бір жыл бұрын ол өзінің үш бөлмелі пәтерін қызына сыйға тарту шартын рәсімдеген болатын. Жылжымайтын мүлік 27 жастағы азаматшаға туристік визамен АҚШ-қабаруы үшін керек болған. Ол кейін көші-қонжағдайын өзгеріп тұрқты сол елде қалуды жоспарлаған. Қызы анасын аамерикалық визаны алғансоң пәтерді өзіне қайта рәсімдеуге уәде етеді.

Алайда, Қазақстандағы АҚШ елшілігі оған виза беруден бас тартқан. Ал пәтер иесіне қайтарылмады.

Адвокаттың сұранысы бойынша жауап бермегені үшін Банк әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/08/2020

Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «WhatsApp» бейнеконференция бағдарламасы арқылы «Bank» акционерлік қоғамына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 668-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған әкімшілік іс қаралды.

2020 жылдың 1 шілдесінде «Bank» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облысының адвокаты Ш.-ге адвокаттық қызмет көрсетуге байланысты ақпарат беру туралы 2020 жылғы 17 маусымдағы сұрауға жазбаша жауап ұсынбаған.

Бөтеннің мүлкін алдау жасау арқылы ұрлау

26/08/2020

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында «Trueconf» және «ZOOM» бағдарламалары арқылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен, 190-бабы  3-бөлігі 1,4-тармақтарымен  сотқа берілген Д. және Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3 бөлігі 1-тармағымен сотқа берілген Н.-ге  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта бұрын сотталған Д. мен Н. алдын ала сөз байласа отырып,  алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін сеніміне қиянат жасау  арқылы ұрлап, жәбірленуші М.-ге 3 000 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Шағым ішінара қанағаттандырылды

26/08/2020

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотында сот орындаушысының заңсыз әрекеттерін тану және атқарушылық іс қозғау туралы қаулының күшін, орындалуды қамтамасыз ету үшін барлық мәжбүрлеу шараларын жою туралы «Д»-ның арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Полиция қызметкері ретінде өзін таныстырып тонау жасаған

26/08/2020

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тонау жасағаны үшін кінәлі деп танылған К. - нің үкімі жарияланды

Сот үкімімен К.  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қарыз шарты бойынша соманы өндіру

26/08/2020

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «QB» Акционерлік Қоғамының жауапкерлер «АБ» ЖШС-і және «С» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.  

Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасады

26/08/2020

Алматы қаласының Жетісу аудандық соты талап қоюшы «В»-ның жауапкер «A» ЖШС-нен берген қарыз соманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

2020 жылдың 8 қаңтарында талап қоюшы мен жауапкер арасында қызмет көрсету туралы келісім жасалды. Шарттың мәні халықаралық жүк тасымалы.

Алматыда түнгі клуб қызметкерлеріне оқ атқан ер адамға үкім шықты

26/08/2020

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (газ қаруын қолданып бұзақылық), 287 бабының 2-бөлігімен (ұңғысыз атыс қаруын, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қаруды, сол сияқты олардың патрондарын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа берілген сотталушы Ж. - ға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

Бұрыңғы ерлі-зайыптылар дауды медиация арқылы шешті

26/08/2020

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында жұбайын асырау үшін алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер Л. жауапкер К.-ға  үш жасқа толмаған ортақ баланы асырау мақсатында 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіру туралы талап арызымен шағымданды. Талапкер өзінің талабын жауапкер ортақ үш жасқа толмаған баланы асырау үшін материалдық көмек көрсетпейтінімен, және баланы күту үшін үйде жұмыссыз отырғандығымен уәждеді.

Сот отырысында тараптар дауды іс жүргізуші судьяның қатысуымен медиация тәртібі арқылы шешуге өтініш білдірді.

Азаматтарды онлайн қабылдау

26/08/2020

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында кеңсе меңгерушісінің мендетін атқарушы Арайлым Ашкиева «ZOOM» бағдарламасы арқылы азаматтарды онлайн түрде қабылдау жүргізді.

Азаматтарды қабылдаудың негізгі мақсаты-қылмыстық салада туындайтын сұрақтар мен мәселелерді тиімді шешілуін жоғарылату, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту