Архив событий

25/08/2020

Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді ақысыз орындау

25/08/2020

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотында жауапкердің келісімшарт бойынша міндеттемелерін өтеусіз орындау және айыппұлды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жауапкер мен талапкер арасында жиһазды жобалауға, дайындауға және жеткізуге жалпы сомасы 4 100 000 теңге келісім жасалды, соған сәйкес жауапкер 2018 жылдың 28 ақпанына дейін жиһаз өндіру және жеткізу бойынша міндеттемені өз мойнына алды. 

Сот кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды

25/08/2020

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер Р.-дің жауапкер К.-ге қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арызға сәйкес, талапкер мен жауапкер арасында неке бұзылған, ортақ кәмелетке толмаған баласы бар. Кәмелетке толмаған бала анасымен бірге тұрады.

Азаматтарды онлайн-режимде қабылдау

25/08/2020

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының төрағасы Жомарт Мұхамбетжан  «WhatsApp» мобильді мессенджері  қосымшасы арқылы азаматтарды онлайн режимінде қабылдау жүргізді.

Короновирус инфекциясының таралу кезеңінде азаматтарды қабылдау қашықтық нысанында жүргізіледі.

Сот төрағасының қабылдауына азамат Б.  сот шешімінің тиісінше орындалмауы   туралы  сауалмен жүгінді.

 Сот төрағасымен азаматтың қойылған сұрақтарына жауап беріліп, оның аталған мәселе бойынша азаматтық заңның ережелері  түсіндірілді.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты

 

Мұрагерлік үлесті өндіру туралы дау медиативті келісіммен шешілді

25/08/2020

Талапкерлер Б. сотқа жауапкер К-ға мұрагерлік үлесін өндіру туралы  арызбен жүгінген.

Сот мәжілісі барысында, тараптар медиативті келісім арқылы дауды шешу туралы өтініш білдіріп, келісім шарты бойынша талапкер өзінің барлық талабынан бас тартатыны, ал жауапкер ½ үлестің 3 900 000 тенге мөлшерінде ақшалай есесін  береді.

Онлайн түрде жеке қабылдау өтті

25/08/2020

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі м.а. Ерлан Балғабектің қатысуымен азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін жоғарылату, сондай-ақ сот төрелігінің қолжетілімділігін арттыру мақсатымен «Азаматтарды онлайн қабылдау»  өткізілді.

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу

25/08/2020

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу» тақырыбында бейнеконференция арқылы дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға Алматы қаласы Жетісу аудандық судьясы Талғат Орынғали, Алматы қаласы Жетісу аудандық прокуратурасының прокуроры Айгүл  Кейкібасова, Алматы қаласы әкімдігінің өкілі Роман  Бревнов және «Әділет» ЖҚМ заң кеңесшілері палатасының заңгері Сәкен  Нұғаев қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу туралы дауларды сотқа дейінгі реттеудің өзекті мәселелерін талқылады.

Ортақ мүлікті бөлу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

25/08/2020

Азаматтық даулардың басты мәселесі мүліктік қатынастар болып табылады. Оның ішінде ерлі-зайыптылардың арасындағы мүлікті бөлу ең күрделі мәселелердің бірі.

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотына Е.-ның   М.-нан ортақ бірлескен мүліктерін  бөлу кезінде өзара келісімге келе алмағандықтан, мүлкін сот арқылы бөлу туралы талап арызымен жүгінген.

Татуластыру рәсімі нәтижесінде тараптар келісімге қол жеткізді

25/08/2020

Татуластырушы  судьяның сот өндірісіне  талапкер «Y» ЖШС-нің жауапкер «Р» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз келіп түскен.

Талап арыздың мәні - сатып алу-сату шарты бойынша көлемі 10 565 000 теңге қарыз сомасы мен көлемі 316 950 теңге баж салығын өндіру.

Татуластырушы судьяның жүргізген татуластыру рәсімі нәтижесінде тараптар судьяның көмегімен татуластыру тәртібімен талап арызды қабылдағанға дейін дауды реттеу  келісіміне қол жеткізді.

Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлаушылар құрықталды

25/08/2020

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотынмен «WhatsApp» және «ZOOM» бағдарламалары арқылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен, 188 бабының 3 бөлігінің 2-тармақтарымен  сотқа берілген К. мен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 1-тармағымен, 188 бабының 3 бөлігінің 2-тармағымен сотқа берілген Х.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың үкімімен К-ге 3 жыл бостандығын айыру жазасы тағайындалды, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленді.

Дөңгелек үстел онлайн режимінде өткізілді

25/08/2020

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек үстел онлайн режимінде өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысы судьяларға жүктемені азайту мақсатында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді талқылауға бағытталды.

Ерлі-зайыптылар арасындағы ортақ мүлікті бөлу туралы дау медиация тәртібімен реттелді..

25/08/2020

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында 30 жыл отасқан ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық ісі қаралды. 

Талап қоюшы сотқа ортақ мүлікті бөлу туралы талабында жауапкердің меншік құқығындағы тұрғын-үй, 2 автокөлік пен үй жануарларын бөлуді сұраған.  

Қолданыстағы заңға сәйкес, кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезеңінде жинаған мүлiк ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.

Көлік жуу бекетінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

25/08/2020

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылған О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен О. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен  көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған үш мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 757 500 теңге айыппұл салынды.

Жалған тіркеу нөмерлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

25/08/2020

Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «WhatsApp» бейнеконференция бағдарламасы арқылы Б.-қа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған әкімшілік іс қаралды.

Алматы қаласында Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта Архименко көшесімен қиылыста қозғалған Б.-ты жол полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылған автокөлігін жүргізгені үшін тоқтатып, тиісті материалдар толтырылған.

Іс өндірісі қысқартылды

25/08/2020

Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотында талапкер «А.»-ның жауапкер «Ж.»-дан 120 000 теңге енбек ақы қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс қаралды. 

Сот барысында тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш түсірді.

Сот ұйғарамымен тараптар арасында медиацияны өткізетін судьяның қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, еңбек ақысын 15 күннің ішінде өз еркімен жұмыс беруші төлеуге міндеттелді, іс өндірісі қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Дәрілік заттарды заңсыз сатқан үшін әкімшілік жауапкершілікке тардылды

25/08/2020

Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «WhatsApp» бейнеконференция бағдарламасы арқылы Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған әкімшілік іс қаралды.

Мемлекеттік кірістер органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрмай, 2020 жылы 22 шілдеде Т. 1078 дана «Лянхуа» медициналық өнімін жалпы сомасы 2 500 000 теңгеге сатты.

Дау татуласу келісімімен реттелді

25/08/2020

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «А» ЖШС-нің жауапкер «E»  ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі татуласу тәртібімен реттелді.

Талапкер  жауапкерден  жалға алу төлемі бойынша қарыз сомасын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Істі қарауға дайындау барысында тараптар дауды татуласу тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Сотқа берілген

25/08/2020

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа берілген Н.-ге қатысты қылмыстық іс қаралып бітті.

Сот үкімімен Н.  кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде  өтеу белгіленді.

Әдеп қағидалары бойынша семинар өткізілді

25/08/2020

Жетісу ауданының №2 аудандық сотында кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Арайлым  Ашкиева сот кеңсесінің қызметкерлерімен семинар өткізді.

Өз сөзінде А. Ашкиева әдеп кодексінде көрсетілген мемлекеттік қызметшілерге қойылатын моральді-этикалық талаптарға кеңінен тоқталды.

Қарыз өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

25/08/2020

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында талап қоюшы ЖШС «Б.» -ның жауапкер М.-нан  1 625 936 теңге қарыз өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін сотқа ұсынды.

Судья, тараптарды тыңдап, аталған медиация келісімі заңға қайшы келмейтіндіктен, және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбағандықтан, оны бекіту жөн деген тұжырымға келген.

Азаматтарды қабылдау

25/08/2020

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында кеңсе меңгерушісінің м.а. Айбек Копжурсинов азаматтарды онлайн режимінде «WhatsApp» мобильдік қосымшаның көмегімен қабылдау жүргізді.

Іс-шараның мақсаты - сот қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті дамыту және азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін көтеру.

«WhatsApp» қосымшасы арқылы кеңсе меңгерушісінің м.а. жеке қабылдауында өз сұрақтарымен азаматша «А.» заң аясында тиісті жауаптарын алды.